Өңірлер

Шығыс Қазақстанда жарты жыл бойы іздеуде жүрген жігіт пойызда ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2021
Жазылу
Жиырма жастағы жігіт бұған дейін алаяқтық жасағаны үшін үш жарым жылға бас бостандығынан шектелген. Алайда ол пробация қызметіне тіркелуге келмеген   

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Жарты жыл бойы іздеуде жүрген қазақстандық Алматы – Өскемен пойызында ұсталды.

Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2021
Өңірлер
Терезені бұзып кірді – Ақтөбеде мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Жиырма жастағы жігіт 2020 жылы алаяқтық жасағаны үшін үш жарым жылға бас бостандығын шектеуге сотталған, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті.   

Алайда сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ол пробация қызметіне тіркелуге келмеген, содан кейін оған іздеу жарияланды.

"Полиция қызметкерлері оны Алматы-Өскемен пойызында ұстады. Қазіргі уақытта уақытша ұстау абақтысында отыр. Енді оған кесілген үкім 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін", - деп хабарлады әділет аға лейтенанты Марат Тілепбергенов.  

Сотталған жігіт "Пробация" алдын алу шарасы аясында ұсталды.  

Жаңалықтар
0