Өңірлер

Жұмыстан шығып кеткен: Алматыда 19 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

© Public DomainБег, девушка, иллюстративное фото
Бег, девушка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2021
Жазылу
Алматы қаласының тұрғыны жұмада, үш күн бұрын жұмыстан үйіне шығып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген

НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Алматыда жоғалып кеткен 19 жастағы қыз  іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Almaty.tv.

© Photo : almaty.tvАяжан Еділова
Жұмыстан шығып кеткен: Алматыда 19 жастағы қыз іздестіріліп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2021
Аяжан Еділова

Қыздың жоғалғаны туралы хабарландырулар әлеуметтік желілерде пайда болды. Туыстарының айтуынша, 2001 жылы туған Еділова Аяжан 19 наурыз күні сағат 20:43-те Қонаев көшесі 43 мекенжайы бойынша жұмыстан шығып кеткен және үйге оралмаған. Бақылау камерасы қызды соңғы рет жұмыстан шыққан кезде түсірген.

"Ол қара күртке, кең қара джинсы, қара берет киген, қызғылт сөмке ұстаған", - дейді туыстары.⠀

Жоғалған қыздың туыстары тұрғындардан ақпаратты әлеуметтік желілерде бөлісіп, табуға көмектесуін сұрады.

Егер Аяжан туралы қандай да бір ақпарат болса, мына телефонға хабарласыңыздар: 8 747 144 41 10 (Алтынай).

Жаңалықтар
0