Өңірлер

Бұршақ, көктайғақ және бұрқасын: алдағы күндері ауа райы қандай болады

© Sputnik / Абзал КалиевҚыс, көктайғақ. Иллюстративті сурет
Қыс, көктайғақ. Иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Жазылу
Елдің оңтүстігінде күн жылынады, синоптиктер найзағай ойнап, бұршақ түседі деп болжап отыр. Қазақстанның қалған өңірлерінде қысқы ауа райы сақталады

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Алдағы үш күнде республиканың солтүстігі мен оңтүстігінде ауа райы бір-бірінен едәуір ерекшеленеді.

Қазгидрометтің мәліметінше, 26-28 наурыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

"Қазақстан аумағында екі циклон бірігеді: Жерорта теңізі мен Солтүстік-Батыс аудандарынан. Соның әсерінен барлық дерлік өңірде жауын-шашын, кей жерлерде қатты, сондай-ақ, көктайғақ, бұрқасын болжанып отыр, оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Сонымен қатар, ауа температурасы аздап көтеріледі", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның тоғыз өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Бұған дейін наурызда ауа райы тұрақсыз болатыны хабарланды: оңтүстікте жаңбыр, солтүстікте қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейеді, тұман мен көктайғақ болады.

Айдың екінші жартысында солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде күндіз сынап бағанасы +3+10°С дейін; оңтүстік пен батыста – +10+15°С дейін, үшінші онкүндікте +15+25°С дейін көтеріледі.

Айта кетсек, жақында республиканың тоғыз өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

Жаңалықтар
0