Өңірлер

Депутат ауылға Елбасының есімін беруді ұсынды

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаДепутаты на заседании
Депутаты на заседании - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Жазылу
Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында көршілес Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен шекарамыз шегенделді, дейді Қайрат Дакеров

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Депутат Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы ауылға Назарбаевтың есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды Altaynews.

Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты Қайрат Дакеров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, премьер-министр Асқар Маминге, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинге, ШҚО әкімі Даниал Ахметовке және тұрғындар назарына ашық хат жолдады.

"Абай аренаға" Елбасының атын беру ұсынылды: Назарбаев өз ойын айтты

21 наурызда жазылған үндеуде автор ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ақжар ауылына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беріп, ауылға аудан орталығы статусын қайтару туралы жазады.

"Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін келешек ұрпаққа мәңгілік ету мақсатында 1997 жылға дейін шекарада жатқан бұрынғы Тарбағатай ауданы орталығы болған Ақжар ауылына аудан орталығы статусын қайтарып, қазіргі Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылынан Ақжар аймағын бөліп, бұрынғыша екі аудан ретінде қалпына келтіріп, Елбасымыздың атына берсе деген ұсыныс бар", - дейді Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты Қайрат Дакеров. 

Сондай-ақ автор Тарбағатай ауданы халқының Елбасының еңбегін жоғары бағалайтынын айтып өткен.

"Ауданымыз Қытай Халық Республикасымен шекарада орналасқан, Елбасымыздың көреген, сарабдал саясатының арқасында, жеке беделінің нәтижесінде көршілес Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен шекарамыз деллимитация жасалып, деморкацияланды", - деп толықтырды депутат.

Депутаттың бұл бастамасын қоғам белсендісі, ауданның тумасы Ермек Құрманғали да қостап отыр. Бұл туралы ойын белсенді өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Елбасының Қытаймен шекараны шегендеп берген еңбегінің құрметіне бір ауданды Елбасының атымен атағанда тұрған ештеңе жоқ. 1997 жылы Ақсуат ауданына қосылып кеткен Тарбағатай ауданын жеке аудан ретінде қайтарып, орталығын қайтадан Ақжар ауылы ету керек. Жаңадан құрылған ауданға Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мерейтойы қарсаңында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атын беріп, Ақжар ауылына Елбасының бір еңселі ескерткішін орнату керек", - дейді қоғам белсендісі. 

Сондай-ақ ауылдың ортасындағы Жамбыл көшесін Назарбаев көшесіне ауыстыру ұсынысын да жасады (Тарбағатайда Жамбыл атамыздың атында ауыл да, мектеп те бар). Қоғам белсендісінің ойынша, бұл ой іске асса, Тарбағатай халқының көші тоқтап, жаңа жұмыс орындары ашылып, шекараның шетіне халық орнығып, өріске мал толып, халық саны көбеймек.

Жаңалықтар
0