НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Сот 30 қой және 11 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін жолы болмаған шенеунікті қызметінен айырып, миллиондаған теңге айыппұл салды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің телеграм арнасы.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында шенеуніктерді ұстау сәтінің видеосы тарады
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім бастығы К. Ташкент тасжолының бойында Шымкент қаласына жақын орналасқан жер учаскесіне мемлекеттік акті алуға көмек көрсеткені үшін пара алды деген күдікке ілінді.
25 наурызда әл-Фараби аудандық сотының үкімімен К.-ға алаяқтық жасағаны үшін 15 миллион 620 мың теңге айыппұл салынды, ол енді өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқара алмайды.
НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Ертең, 18 сәуірде елдің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, түнгі уақытта солтүстікте қар аралас жаңбыр болжануда. Кейбір облыстарда тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста, батыста және солтүстік-батыста найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.
Жамбыл облысында, күндіз Алматы облысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/c дейін күшейеді.
Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, дауыл тұрады, тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20, екпіні секундына 25 метрге дейін барады.
Тағы оқыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерді тұман басады, күндіз желдің екпіні 23-28 м/c дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/c дейін күшейеді, Қарағанды облысында кей жерлерде – тұман.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысында кей жерлерді тұман басады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды.
Нұр-Сұлтанда 18 сәуірде күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз 18 градусқа дейін көтеріледі, түнде – плюс бір градус. Жел жоқ.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, оқта-текте жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағанасы плюс 19 градус, түнде плюс 8 градусты көрсетеді.
Шымкентте де күн ашық. Күндіз – плюс 22, түнде – плюс 11 градус.
НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысының полиция департаменті мен ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Қазақстанның бес облысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана ашқан оннан астам адамды ұстады.
Полицейлердің мәліметінше, қылмыстық топтың басшылары шетелде жүр. Алайда бұл оларға Қазақстанның түрлі облысында заңсыз бизнесті жолға қоюға еш кедергі келтірмеген.
"Бұл зертханалардың ұйымдастырушылары Қазақстаннан тыс жерде жүріп, Қазақстан, Ресей, ТМД мен алыс шет елдердің аумағында психотропты заттарды дайындаумен, сақтаумен, тасымалдаумен және сатумен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрды. Сондай-ақ мессенджерлер арқылы Қазақстан аумағында жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшесін басқарумен және үйлестірумен айналысқан",- деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.
Айтуынша, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың кураторлары психотроптық заттарды шетелден жеткізу арнасын ұйымдастырған. Оларды сұйық күйінде, автокөлік майы мен алкогольді ішімдік сияқты көрсетіп, майлы радиаторлар мен өрт сөндіргіштердің ішіне құйып логистикалық фирмалар арқылы тасымалдаған.Трансұлттық ұйымдасқан топ қатысушыларынан құрғақ және сұйық түрінде 70 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Сонымен қатар есірткі дайындауға пайдаланылатын 3,5 тоннадан аса прекурсор алынды.
Трансұлттық ұйымдасқан топты ұйымдастыру және басқару фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 264-бабы 1 және 2-тармақтары негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер, егер кінәсі дәлелденсе, он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тергеу жалғасып жатыр.