Өңірлер

Көктайғақ пен қатты жел: синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевҚыс, көктайғақ, иллюстративті сурет
Қыс, көктайғақ, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2021
Жазылу
Республиканың басым аумағында ауа температурасы төмендейді, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болады деп болжап отыр синоптиктер

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Қазгидромет 30 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, Мәскеу аудандарынан ығысатын антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын біртіндеп тоқтайды.

"Фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болжануда, кей жерлерде қатты болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күшейеді", - делінген хабарламада.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда 30 наурыз күн ашық, ауа температурасы түнде -4℃, күндіз -3℃.

Алматыда күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады, түнде +2℃, күндіз +4℃.

Шымкентте күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде +4℃, күндіз +8℃.

Жаңалықтар
0