Өңірлер

Ақтауда қыздар дәмхананың есігін балғамен сындырды – видео

CC0 / / Подростки
Подростки - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2021
Жазылу
29 наурыз күні 7 ықшамаудандағы "Арабелла" кафесінің есігін жас қыздар сындырды

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Ақтауда бір топ жас қыз 7 ықшамауданда орналасқан дәмхананың есігін сындырды. Оқушылардың бұзақылығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлады жергілікті "Лада" сайты.

"Бұл мәселеге байланысты полицияға хабарласпадық. Жас қыздардың өмірін бұзғым келмеді. Жасөспірімдердің еркелігі ғой, бәрі болуы мүмкін. Олардың ата-анасы көргеннен кейін өздері келіп шығынды өтейді деп үміттенеміз", - дейді "Арабелла" дәмханасының иесі.

Камераға жасөспірімдердің есіктің шыны бөлігін балғамен кезек-кезек ұрып жатқаны түсіп қалды.

Дәмхана иесінің айтуынша, қыздар ешнәрсе ұрлап үлгермей, оқиға орнынан бой тасалаған.

 

Жаңалықтар
0