Өңірлер

Қазақстанның бір облысында санитарлық бекеттер орнатылады

© Photo : акимат Карагандинской областиСанитарный пост в Карагандинской области
Санитарный пост в Карагандинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2021
Жазылу
Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 2021 жылдың 2 сәуірінен бастап 15 сәуіріне дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, оған сәйкес өңір шекараларында санитарлық бекеттер орнатылады.

Өңір аумағында шектеу шаралары 2021 жылдың 2 сәуірінен бастап 15 сәуіріне дейін ұзартылды.

Санитар дәрігер қайтадан санитарлық бекеттер орнату туралы шешім қабылдады:

  • Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіру/шығуды бақылау үшін Алматы облысы тарапынан 3 санитарлық бекет;
  • Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіру/шығуды бақылау үшін Қарағанды және Павлодар облыстары тарапынан 3 санитарлық бекет;
  • Қазақстан мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына "Ауыл", "Уба", "Бақты", "Майқапшағай" (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитарлық бекет.

Сондай-ақ қаулының 1-қосымшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына келіп-кетуіне тыйым салуды тапсырды.

Ерекше жағдайларда, жекелеген санаттағы адамдарға аудандар мен қалалардың санитарлық бекеттері арқылы шығуға және келуге жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша рұқсат берілуі мүмкін.

"Жоғары қауіпті аймақтан ("қызыл" аймақтан) келген адамдар санитарлық бекеттерді кесіп өткен кезде COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы ПТР-тестен өткені туралы анықтаманы көрсетуге міндетті. Теріс нәтиже берілген күннен бастап үш тәуліктен (72 сағаттан) аспауға тиіс", - делінген құжатта.

COVID-19: Алматыда 500-ге жуық адам ауыр жағдайда жатыр

Еріп жүрушілердің анықтамасы болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балалар үшін анықтама қажет емес.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.  

Қаулы 2021 жылдың 2 сәуірінде күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысы эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сәйкес қазір "жасыл" аймақта тұр.

Жаңалықтар
0