АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысы полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы арнайы операция жүргізіп, синтетикалық есірткі заттарын дайындап, сатумен айналысатын төрт есірткі зертханасын анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Оның екеуі Қарағанды облысында болса, қалған екеуі Ақмола облысы мен Павлодар қаласында анықталды.
31 наурызда Ақмола облысында қылмыстық топтың ұйымдастырушысы ұсталды.
"30 жастағы Қарағанды облысының тұрғыны үй сатып алып, оның ішін ірі көлемде синтетикалық есірткі заттарын жасайтын құрал-жабдықтармен толтырып, кейін жасалған есірткіні басқа да өңірлерге сатпақ болған", – деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
Санкцияланған тінту жүргізу барысында ұсталған азаматтан үш келіден астам дайын "мефедрон" есірткісі мен 35 литр сұйық "мефедрон" есірткі заты табылды. Сондай-ақ, үш мың литр сұйықтық, шамамен 50 келі жаппай прекурсорлар алынды.
Бұған дейін қылмыстық топтың белді мүшесі ретінде – Алматының 32 жастағы тұрғыны, Ақмола облысының 35 жастағы тұрғыны және Павлодар қаласының 21 жастағы тұрғыны ұсталған болатын.
"Топтың заңсыз іс-қимыл арқылы айналымнан өткізуге дайындап қойған 50 келіден астам есірткі заты тәркіленді. Сарапшылардың айтуынша, қылмыскерлерден тәркіленген заттардың қара базардағы құны 24 миллиард теңгеге бағаланады. Ал одан бір жарым миллион есірткі дозасы жасалып, елге таралуы мүмкін еді", – дейді полицейлер.
Оқи отырыңыз: "100 миллион теңгеге бағаланады": Семейде ірі көлемде есірткі партиясы тәркіленді – видео
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары шұңқырға түсіп кеткен сиырды шығарды.
Бұл жағдай Қатон Қарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында болды, деп хабарлайды Semeynews.kz жергілікті сайты.
Жер үйдің айналасында жайылып жүрген сиыр шұңқырға түсіп кеткен. Сиырды құтқару үшін арнайы техника тартылды.
Ол жергілікті коммуналдық кәсіпорын ұсынған тиегіштің көмегімен шығарылды.
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір - Sputnik. Ақтөбе облысы Ақжар ауылындағы жер үйлердің бірінде жарылыс болды. Салдарынан үйдің бір бөлігі құлап, жеті адам жарақат алды, оның үшеуі балалар.
Қайғылы оқиға 11 сәуірде сағат 16.00 шамасында Хромтау ауданы, Ақжар ауылында болған. Бұл туралы mgorod.kz жергілікті сайты Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
"Олардың барлығы күйік алған. Жарылған газ емес. Ақ зат. Біреу оны үйге алып келген, зардап шеккендер ештеңе айтпайды. Екі әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Қалғандары, оның ішінде балалар да бар, күйікпен палатада жатыр", - деп хабарлады Хромтау аудандық ауруханасындағылар.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
НҰР-СҰЛТАН
09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде Қазақстан республикасының 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.
11.00 – "Халықтан заңсыз сақтаулы қару-жарақты, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізу туралы" ішкі істер министрлігінің брифингі. Спикерлер: ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Милюк Алексей Казимирович, ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Ыдырысов Асылбек Түлкібекұлы. Брифинг тақырыбы бойынша сұрақтарды 9 сәуір сағат 18:30-ға дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштаға немесе 8 705 440-83-65 нөміріне (WhatsApp) жолдауға болады.
11.00 – Елорданың оң жағалауындағы Елбасы кітапханасының музейінде "Адамға табын, жер, енді" халықаралық онлайн көрмесі өтеді. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Сондай-ақ бұл шара Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығына және Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшуының 30 жылдығына арналған (Бейбітшілік көшесі, 11).
12.00 - Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Функционалдық материалдар және нанотехнологиялар", сондай-ақ "Функционалдық материалдарды кванттық-химиялық модельдеу" атты екі инновациялық білім беру-ғылыми зертханасы ашылады. Университеттің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шара ЖОО басшылығы мен физика-техникалық факультетінің ғалымдары және шақырылған профессорлардың қатысуымен өтеді. Өтетін орны: Қажымұқан көшесі 13, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, №3 ғимарат.
"Ғарыштағы алғашқы адамдар" мерекелік концерті. Шараға танымал музыканттар мен актерлер, симфониялық оркестр қатысады. Концерт Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ұшу алаңындағы "Гагарин стартында" өтеді.
Концертті Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі, Ресей Федерациясы президенті әкімшілігі және адамзаттың алғаш рет ғарышқа ұшуының 60 жылдығын атап өту бойынша ұйымдастыру комитетінің қолдауымен Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиотарату компаниясымен бірлесіп орыс концерт агенттігі ұйымдастырды. Жобаның көркемдік жетекшісі – ресейлік танымал музыкант Юрий Башмет.
Концерт сценографиясында заманауи айрықша технологиялық құралдар қолданылады. Салтанатты кеште әлемнің түрлі елінен келген танымал композиторлар ғарыш пен жаңа кеңістікті игеруге арналған музыкалық туындыларының таныстырылымын өткізеді.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.