Өңірлер

Қарағандыда COVID-19 өршіді: ауруханаларда төсек-орын саны көбейтіледі

© AP Photo / Luca BrunoВрач берет кровь для анализа у пациента в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Врач берет кровь для анализа у пациента в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2021
Жазылу
Санитар дәрігерлер Қарағанды мен Теміртауда британдық, оңтүстікафрикалық және бразилиялық штамдарға тән коронавирус мутациясы анықталды деп болжап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір — Sputnik. Коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты Қарағандының инфекциялық стационарларындағы жатын орын саны артады, деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев.

Соңғы күндері өңірде ауру белең алып барады. Мұнда бір тәулікте 95 адам вирус жұқтырған. Оған наурыз айындағы мейрамдар әсер етті, деп түсіндірді басқармадағылар.

"Карантин шаралары күшейтілгеніне қарамастан адамдар кездесіп, бас қосқан. Соның салдарынан ауру жұқтырғандар саны артты. Бұл жатын орын санына да әсер етіп отыр. Біз коронавирус жұқтырғандарға арналған қосымша орындар дайындау туралы шешім қабылдадық. Резервте болған 2 мың жатын орынды біртіндеп іске қоса бастаймыз", - деді Тоқсамбаев.

Ол қазіргі уақытта 700 жатын орын дайын екенін айтты. Келесі аптаға дейін тағы 400 орын пайдалануға беріледі.

Ведомство басшысы инфекциялық стационарларда дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді.

"КВИ-дің алғашқы толқынындағы кемшіліктер мен тәжірибені ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын күшейттік", - деді Тоқсамбаев.

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Юрий Залыгин өңірде британдық, оңтүстікафрикалық және бразилиялық штамдарға тән коронавирустың ықтимал мутациясы анықталғанын айтты.

Оқи отырыңыз: Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны екі мыңнан асып кетті 

"Мутацияның бар-жоғы және оның аталған штамдарға жататын-жатпайтыны бір айдың ішінде расталады. Облыс бойынша ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Қарағанды мен Теміртауда тіркеліп отыр. Облыс орталығы болғандықтан Қарағанды үлесіне 50% тиесілі", - деді Залыгин.

Қазіргі уақытта коронавирустың таралу қарқыны бойынша бұл облыс "сары" аймаққа енген.

"Эпидемиялогиялық жағдай қалай өрбитінін білмейміз. Ол ауру жұқтырғандар санына байланысты болады. Осы тұста шектеу шараларын енгізу санитар дәрігерлердің қолында емес екенін айтқым келеді. Егер облыс "қызыл" аймаққа өтсе, онда аурудың таралуына жол бермеу үшін шаралар қабылдауға мәжбүр боламыз", - деді облыстың бас санитар дәрігері.

Жаңалықтар
0