Өңірлер

Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады

© Sputnik / Владислав ВодневЕлорда көрінісі
Елорда көрінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жазылу
Синоптиктер биыл жазда және күздің басында республика өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Қазгидромет 2021 жылдың сәуір-қазан айларына арналған консультативтік маусымдық ауа райы болжамын жариялады.

Сәуір

Сәуір айында республиканың барлық аумағында орташа ауа температурасы нормаға жуық болады болжанып отыр. Бұл айда елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады. Алматы, Ақмола, Атырау облыстарының басым аумағында, Қарағанды облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында –нормаға жуық, ал Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс жартысында, Алматы облысының шеткі солтүстік-шығысында –  нормадан жоғары.

Мамыр

Мамыр айында республиканың басым бөлігінде орташа температура нормаға жуық болады. Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде және Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында – нормадан 1°C жоғары.

Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деп болжануда. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облысының солтүстігінде – нормадан жоғары, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде – нормадан төмен.

2021 жылдың жазы қандай болады

Жаздың басы республика аумағының басым бөлігінде норма шамасында күтіледі. Елдің шығысы мен оңтүстік-батысында температура климаттық нормадан 1°C  жоғары болады, елдің қиыр солтүстік-батысында нормадан 1°C төмен болады.

Маусым айында елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан аз болады деп болжануда, Қарағанды, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, елдің оңтүстігінің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында – нормаға жуық, ал Қазақстанның солтүстік бөлігінде – нормадан көп.

Тағы оқыңыз: Жаздағыдай жылы болады: алдағы үш күндегі ауа райына болжам

Шілдеде елдің шығыс жартысында орташа ауа температурасы нормаға жуық болады деп болжануда, республиканың батысында – климаттық нормадан 1-2 °C жоғары. Жаздың ортасында көптеген облыста жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады, елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және батысында – нормаға жуық. Жаздың соңында елдің басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормаға жуық болады, ал Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында – нормадан 1 °C жоғары.

Тамыз айында жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан жоғары болады деп болжанып отыр. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының басым бөлігінде – нормаға жуық, Атырау, Маңғыстау облыстарында –  нормадан аз.

Күздегі ауа райына болжам

2021 жылдың күзінде орташа ауа температурасы елдің басым аумағында норма шамасында болжануда, республиканың солтүстік-батыс жартысында ғана нормадан 1°C жоғары. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері – нормаға жуық, солтүстік-шығыста – нормадан жоғары, батыста –нормадан аз.

Жаңалықтар
0