Дәнекерлеуші, архивтегі сурет

Жалақысын даулаған атыраулық жұмысшылар қызметтен қуыла жаздады

3337
Еңбек инспекциясының өкілдері компания басшылығының жалақыны кешіктіріп беруді әдетке айналдырғанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Екі айдан бері ақша алмадық деген атыраулық жұмысшылар прокуратураға шағымданған. Алайда 40 шақты қызметкердің бұл қылығына қырсыққан басшылар барлығын зауыт маңына жолатпай қойыпты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Онсыз да мардымсыз айлық алатын жұмысшылардың ақысы басқа тәртіппен төленетін болыпты. Кім көп өнім шығарса, ақша да көбірек беріледі екен. Бірақ бұл өзгеріске жиналған топ түбегейлі қарсы. Өйткені кәсіпорын басшылығы шетелдік жұмысшылардың айлығын сол күйі қалдырып отыр дейді жиналғандар.

"Біздің жігіттердің шетел азаматтарынан қай жері кем екенін түсінбедім. Олардың жалақысы, осы істеп жатқан бірдей жұмыстан үш-төрт есе көп алады", – дейді дәнекерлеуші Айбек Қибиденов.

Айлығын даулаймыз деп жұмысыз қала жаздаған азаматтар компания басшысының кабинетіне басып кірді. Есігін жауып үлгере алмаған директор амалсыз қол астындағы қызметкерлердің базынасын тыңдап, ешкім жұмыстан босатылмайды деп сендірді.

"Бұрын қызметкерлерге жалақы 7 сағаттық жұмысына төленетін. Қаңтардың 17-сінен бастап бұл жүйе өзгерді. Оған дәл қазір компаниядағы 320 адамның 40 шақтысы келіспей отыр. Бүгін біз соларды бір күнге ғана жұмыстан босаттық. Ертең қайта қызметке кірісе берсе болады. Олардың мәселесін шешеміз", – дейді "Атыраунефтемаш" ЖШС бас директоры Александр Донсков.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда орташа жалақы 223 мың теңгеге жетті

Ал еңбек инспекциясының өкілдері аталмыш компания жалақыны кешіктіріп беруді әдетке айналдырған дейді. Тіпті жұмысшылар тарапынан бірнеше рет арыз-шағым да түскен. Айыппұл төлеп қана құтылатын басшылық бұл жолы сот алдында жауап береді.

3337
Кілт сөздер:
Атырау облысы, жұмысшылар
Тақырып бойынша
Депутаттар өндірісте қаза болғандардың отбасына 10 жылдық жалақы төлеуді ұсынды
Теңіз кен орнындағы жанжал - жұмысшылар қандай талап қойып отыр
Қазақстанда процентсіз ипотека алуға болады: жалақы қанша болу керек
Ақтөбе зауытындағы жұмысшылар өліміне кінәлі деп айыпталғандар сот залынан босатылды
Нұр-Сұлтанда жұмысшылар тірі сиырды неге кранмен көтергенін айтты – видео
Қар, архивтегі сурет

Қар және жаңбыр: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

25
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ауа ағымдарының әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Ертең, 18 сәуірде елдің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, түнгі уақытта солтүстікте қар аралас жаңбыр болжануда. Кейбір облыстарда тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста, батыста және солтүстік-батыста найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Жамбыл облысында, күндіз Алматы облысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/c дейін күшейеді.

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, дауыл тұрады, тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20, екпіні секундына 25 метрге дейін барады.

Тағы оқыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерді тұман басады, күндіз желдің екпіні 23-28 м/c дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/c дейін күшейеді, Қарағанды облысында кей жерлерде – тұман.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысында кей жерлерді тұман басады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда 18 сәуірде күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз 18 градусқа дейін көтеріледі, түнде – плюс бір градус. Жел жоқ.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, оқта-текте жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағанасы плюс 19 градус, түнде плюс 8 градусты көрсетеді.

Шымкентте де күн ашық. Күндіз – плюс 22, түнде – плюс 11 градус.

25
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, Қазгидромет
Тақырып бойынша
Көктемде 276 елді мекенді су басуы мүмкін – ТЖ министрі
Қар аралас жаңбыр: Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Архивтегі сурет

Қазақстанның бес облысында ашқан: полиция ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады видео

1579
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың кураторлары психотроптық заттарды шетелден жеткізу арнасын ұйымдастырған

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысының полиция департаменті мен ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Қазақстанның бес облысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана ашқан оннан астам адамды ұстады.

Полицейлердің мәліметінше, қылмыстық топтың басшылары шетелде жүр. Алайда бұл оларға Қазақстанның түрлі облысында заңсыз бизнесті жолға қоюға еш кедергі келтірмеген.

"Бұл зертханалардың ұйымдастырушылары Қазақстаннан тыс жерде жүріп, Қазақстан, Ресей, ТМД мен алыс шет елдердің аумағында психотропты заттарды дайындаумен, сақтаумен, тасымалдаумен және сатумен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрды. Сондай-ақ мессенджерлер арқылы Қазақстан аумағында жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшесін басқарумен және үйлестірумен айналысқан",- деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Айтуынша, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың кураторлары психотроптық заттарды шетелден жеткізу арнасын ұйымдастырған. Оларды  сұйық күйінде, автокөлік майы мен алкогольді ішімдік сияқты көрсетіп, майлы радиаторлар мен өрт сөндіргіштердің ішіне құйып логистикалық фирмалар арқылы тасымалдаған.

Трансұлттық ұйымдасқан топ қатысушыларынан құрғақ және сұйық түрінде 70 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Сонымен қатар есірткі дайындауға пайдаланылатын 3,5 тоннадан аса прекурсор алынды.

Трансұлттық ұйымдасқан топты ұйымдастыру және басқару фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 264-бабы 1 және 2-тармақтары негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер, егер кінәсі дәлелденсе, он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеу жалғасып жатыр.

1579
Кілт сөздер:
видео, полиция, Қарағанды
Тақырып бойынша
ҰҚК ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады – арнайы операцияның видеосы жарияланды
Қызылордада қылмыстық топты ұстау сәтінің видеосы пайдасы болды
ҰҚК "Боратқа" қатысы бар қылмыстық топты ұстады – видео
Арнайы операция: ҰҚК аса қауіпті қылмыстық топты ұстады – видео