Шарап

Алматыда карантин талаптарын жиі бұзатын мейрамханалар белгілі болды

67
Үйлену той, банкет өткізетін мейрамханалар мен түнгі клубтар карантин талаптарын жиі бұзатыны анықталды

АЛМАТЫ, 7 сәуір – Sputnik. Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов 2021 жыл басталғалы карантин талаптарын жиі бұзған дәмхана мен мейрамханаларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Байғабыловтың айтуынша, үйлену той, банкет өткізетін мейрамханалар мен көпшілікке арналған шаралар ұйымдастыратын түнгі клубтар карантин шараларын жиі бұзады.

2021 жылдың 1 қаңтар-6 сәуірі аралығында мониторинг топтар бірқатар нысандардың карантиндік шектеу шараларын сақтамағанын анықтады. Олардың арасында:

  • Алатау ауданында –   "Жақсылық",  "Центр шашлыка" дәмханалары, "Шамо" ЖШС бильярд клубы, "Эгоист" компьютерлік клубы, "Алатау" сауда ойын-сауық орталығы, "Alimus" бильярд клубы, "Алем" караоке клубы, "Лейла" дәмханасы.
  • Алмалы ауданында – Finik мейрамханасы, Fizika түнгі клубы,  Boohouse дәмханасы, "Пират" дәмханасы,  Endorphin дәмханасы,  "Где то" дәмханасы, Loto Club.         
  • Әуезов ауданында – "Рыба моей мечты" караоке-бары, "Ejelgi Arman" ЖШС лото клубы,  "Лабиринт" дәмханасы.
  • Бостандық ауданында – Sunset мейрамханасы , "Шмель" тавернасы,  Queer түнгі клубы, Alfa International Construction and Trade Company ЖШС жалға беруші, Queer түнгі клубы, Kango ЖШС спорттық батут паркі, Nino мейрамханасы, "Мята" лаундж бары, "Министры" караоке-клубы, Salam Bro дәмханасы, "Ориент" караоке клубы, "Стронг" компьютерлік клубы.
  • Жетісу ауданында – жеке тұлға Ниязова Ж.А. компьютерлік клубы, Gameclub ойын клубы, жеке тұлға Қуандыкова Ж.С. ойын алаңы, "Ломатик" ойын залы, SKY SPORT компьютерлік клубы, "ГринККМ" ЖШС лото клубы.
  • Медеу ауданында – Виктория бинго клубы, Ordagamecenter ЖШС компьютерлік клубы, "Манана" мейрамханасы,  "Пугасов" мейрамханасы, "Бармаглот" бары, Hookan Dreems кафебары,  "Айлина" мейрамханасы,  "Небо" бары, Rush7gill pub бильярд клубы, "Loto" клубы, "AVANGARD" ойын клубы,  "Лауреат" мейрамханасы, "Мята" бары, Avangard ойын клубы, Bacha бары. 
  • Наурызбай ауданында – "Премьера" дәмханасы, "Таужолы" дәмханасы, Baqsarai мейрамханасы (банкет залы), "Байтерек" мейрамханасы.
  • Түрксіб ауданында – "БекАр" ойын клубы қоғамдық ұйымы, Erbil мейрамхана-қонақ үй кешені, ВAZA ойын клубы, Talavi мейрамханасы,  "Нинигри" дәмханасы.

Байғабыловтың айтуынша, мониторингтік топтардың құрамына әкімдіктердің, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен полицейлер кіреді.

Тәртіп бұзушылықтар анықталған кезде мобильді топ өкілдері өтіп жатқан шараны фото және бейне таспаға түсіріп алады. Одан кейін хаттама толтырып, әкімшілік іс қозғау үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жібереді.

Алматыда жыл басынан бері карантин шараларын бұзған 3 мыңнан астам адамға 200 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Жыл басынан бері 13 500-ден жоғары нысан тексерілді, 1 573 ереже бұзушылық анықталды. Карантинді бұзғандарға қатысты 3018 хаттама толтырылды, айыппұлдың жалпы сомасы 202 миллион теңгеден асты.

67
Кілт сөздер:
шектеу, карантин, Алматы
Тақырып бойынша
Қайрат Нұртастың басы тағы да дауға қалды
Нұр-Сұлтандағы "ZOLOTO" мейрамханасы бір айға жабылды
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілді – жаңа қаулыда не айтылған
Коронавирус өршісе, қалалар карантинге жабыла ма – министрлік жауабы
Полиция түнгі клубта түсірілген видеоны жариялады
Полицей, архивтегі фото

Түркістанда жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен сүйрей жөнелді видео

883
Ол мұндай әрекеті үшін миллиондаған айыппұл төлеп, қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Түркістан облысында полиция тәртіп сақшысын 30 метр қашықтыққа сүйреген жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Оқиға Жетісай ауданында болған. Жергілікті полиция қызметкерлері көшелердің бірінде патрульдеу кезінде терезесі қараңғыланған автокөлікті тоқтатқан, деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құжат тексеру барысында патрульдік қызмет инспекторы полиция майоры Ертау Саурамбаев автокөлік терезесін қараңғылау неліктен заңға қайшы екенін түсіндіріп жатқан. Полиция қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 590-бабының 5-бөлімі "Көлік құрадарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Аталған бапқа сәйкес көлік иесі 5 айлық есептік көрсеткіш (14,5 мың теңге немесе 4 доллар) көлемінде айыппұл төлеуге тиіс.

"Тәртіп сақшысы автомобиль иесінен көліктегі қараңғылайтын қабыршақты алып тастауды сұраған кезде жүргізуші талапқа бағынбай, жасырынбақ болған. Адам өміріне төнген қауіпке қарамастан, құқық бұзушы полиция қызметкерін автокөлікпен 30 метр қашықтыққа сүйрей жөнелген. Мұның барлығы патрульдік полицейдің бейнежетонына түсіп қалған", - деді департамент.

Нәтижесінде полиция Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-бөлімі – "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл бап 3 000 АЕК (8,7 миллион теңге немесе 20 мыңнан астам доллар) көлемінде айыппұл төлеуді немесе үш жылға бас бостандығын шектеуді немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Заңға қайшы әрекет жасаған азаматтың көлігі айып тұрағына қойылды. Істің мән-жайын анықталып жатыр.

883
өлі балық

Ақтөбе облысында балық қырылды экологтар зерттеу жүргізеді

17
Балықтың жаппай қырылуы тіркелген су айдыны малды суару үшін қолданылады, жақын маңда өндірістік нысан жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Суаттан бірнеше тонна өлі балық табылғаннан кейін экологтар Кузьмин тоғанындағы суға лабораториялық зерттеу жүргізетін болды.

Экология министрлігінің ақпараты бойынша, өлі балықтың жалпы салмағы 4 тоннаны құрады. Мөңке балықтарды жою бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

12 сәуірде балықтың жаппай қырылуы тіркелді. Бұл туралы хабарлама Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейн инспекциясына келіп түсті.

Дәл сол күні инспекция мамандары ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық өңірлік инспекциясы және Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп аталған тоғанға тексеру жүргізді.

"Лабораториялық зерттеу жүргізу үшін су мен балық сынамалары алынды. Алдын ала болжам бойынша балықтың жаппай қырылуына қыс мезгілінде су деңгейінің төмендігіне байланысты (1,0-1,5 метр) судағы оттегінің жетіспеушілігі себеп болған", - деп жазылған хабарламада.

Лабораториялық зерттеу жүргізілгеннен кейін балықтың жаппай қырылуының нақты себебі туралы хабарланады.

Кузьмин тоғаны Ақтөбеден 140 километр қашықтықта Қобды ауданындағы Жарсай ауылдық округінде орналасқан. Тоған аумағы шамамен 3 гектарды құрайды. Ол балық шаруашылығы суаттары тізіміне енбеген.

Суат малды суару үшін қолданылып келген. Оған жақын маңда өндірістік нысандар жоқ.

17
Кілт сөздер:
балық, Ақтөбе
Смартфон

Қазақстандықтар мемлекеттік сайттардың осалдығын анықтап ақша таба алады

0
(Жаңартылды 19:30 13.04.2021)
Қазақстандықтар мемлекеттік сайттың осалдығы туралы Bug Bounty бағдарламасының көмегімен хабарлай алады

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Мемлекеттік сайттардың кемшілігі мен осалдығын анықтап, оны жоюға көмектескен қазақстандықтарға ақшалай сыйақы төленеді. Бұл туралы "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының директоры Серік Холдас мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстандықтар сайттың осалдығы туралы Bug Bounty бағдарламасының көмегімен хабарлай алады.

"Мұндай бағдарламалар көптеген ірі компанияда – Mail.ru, Яндекс, Uber, Google-да бар. Егер қандай да бір маман, хакер жүйенің осалдығын тапса, ол оны тапсырып, ақшалай сыйақы ала алады. Қазақстанда біз бірегей бағдарламаны іске қостық, мұндай бүкіл әлемде жоқ. Азаматтар барлық мемлекеттік жүйеде анықталған осалдық туралы хабарлай алады", - деді Холдас брифингте.

Ол Ұлттық банкпен бірлесіп BugBounty бағдарламасына барлық банкті қосу мәселесі шешіліп жатқанын айтты.

"Осал емес жүйе болмайды, тіпті пентагонның өзін бұзып жатады. Бірақ қалай да соны қорғау процесін ұйымдастыру қажет. Мәселен, өткен аптада зерттеушілердің бірі бүкіл қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге әсер ететін осалдықты анықтады. Мұның өзі осы бағдарламаның қаншалықты пайдалы екенін көрсетеді", - деді орталық директоры.

0
Тақырып бойынша
Маман телефондағы көпшілік біле бермейтін PIN-кодтың пайдасы туралы айтты
"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы
Алаяқтар картаның кодын қалай біліп алады – министрлік ақпарат берді
Ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болады – маман кеңесі