Өңірлер

Ақтауда тас жолға ұшақ қонды – видео

© Sputnik / Сергей Пивоваров / Медиабанкке өтуСамолет Ан-26, архивное фото
Самолет Ан-26, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2021
Жазылу
Оқиғаны видеоға түсірген куәгерлердің айтуынша, құқық қорғау органдарының өкілдері жолды жауып тастаған

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Әскери ұшақ "Ақтау – Жаңаөзен" тас жолына қонды, деп хабарлайды жергілікті lada.kz басылымы.

Оқиға орнында түсірілген видеоны куәгерлері желіде жариялаған. Олардың айтуынша, "Ақтау – Жаңаөзен" тас жолын полиция қызметкерлері жауып тастаған. 

"Олар жолды жауып тастаған соң, ұшақ тас жолға қонды. Біздің айналма жолмен жүруімізге тура келді", – дейді кадр сыртындағы дауыс.

Ал басылым редакция бұл факті бойынша тиісті мекемелерден ресми түсініктеме күтіп отырғандығын атап өткен.

Оқи отырыңыз: 

Президенттің жеке дәрігері ұшақта қазақстандық нәрестені аман алып қалды

Айта кетейік, осы күндері өңірде әскери оқу-жаттығу өтіп жатыр.

Жаңалықтар
0