Өңірлер

Ақсуда кәсіпорын қоршауға алынып, адамдар эвакуацияланды

© Photo : Минобороны КазахстанаПолиция көлігі
Полиция көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2021
Жазылу
Құқық қорғау органы өкілдерінің айтуынша, қазіргі кезде оқу минасының бұл аумаққа қалай жеткізілгені тексеріліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Павлодар облысының Ақсу қаласындағы кәсіпорынның бірінде минаға ұқсас металл зат табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Флаг Израиля. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2020
Қоғам
Нұр-Сұлтандағы Израиль елшілігі қоршауға алынды
Қауіпті зат анықталған аумақ шұғыл қоршауға алынып, ол жердегі адамдар эвакуацияланды.

Оқиға орнына Павлодар облысы полиция департаментінің жарылыс-техникалық тобының өкілдері мен кинологиялық қызмет мамандары тексеру, тінту жұмыстарын жүргізіп қауіпті затты анықтады.

"Табылған зат оқу минасы болып шықты. Қазіргі кезде оның бұл аумаққа қалай жеткізілгені тексеріліп жатыр", – делінген полиция хабарламасында.

Жаңалықтар
0