Санитарлық блок бекет

Алматы облысында аудан кіреберісіне блок бекеттер қойылды

886
Бүгінгі таңда облыс коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр. Ал өткен тәулікте өңірде 263 адамнан коронавирус инфекциясы табылды

АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Алматы облысының Көксу ауданында блок бекеттер қойылды. Таңғы сегізден түнгі онға дейін ауданға кірер жолдарда полиция мен жергілікті атқарушы орган өкілдері кезекші болады, деп хабарлады Polisia.kz.

Көксу ауданы бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ауыл округтерінің кіріп-шығатын жолына профилактикалық сипатта күндізгі блок бекеттер қойылған. Ол жерде көрші облыстан келгендерді тексеріп жатыр.

"Көксу ауданында коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты ауыл округтерінің кіреберісіне блок бекеттер қойылды. Аудан бойынша қозғалыс шектелмейді. Блок бекеттерде басқа өңірден келген адамдар ғана бақылауға алынады", – деді Көксу ауданы полиция бөлімінің бастығы Рамиль Гимадиев.

Айта кетейік, Алматы облысында кейінгі бір күнде 263 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Облыс коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қатаң карантин енгізіле ме?

886
Кілт сөздер:
Алматы облысы, бекет
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (819)
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілді – жаңа қаулыда не айтылған
Шымкентте карантин күшейтіледі: не өзгереді
Сағынтаев карантин кезінде кәсіпкерлерге қандай көмек көрсетілетінін айтты
Неліктен Алматыда елордамен салыстырғанда едәуір қатаң карантин енгізілгені белгілі болды
Алматыда карантин талаптарын жиі бұзатын мейрамханалар белгілі болды
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1140
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1140
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы
Улицы Шымкента

Шымкентте карантин талабы өзгерді жаңа қаулы шықты

130
Мегаполистегі карантин және шектеу шаралары 16 мамырдан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес мегаполис аумағында коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеу шаралары ұзартылады.

"Шымкент қаласында карантин режимін және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 21 мамырынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын", ​​- делінген құжатта.

Қала тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды

65-тен асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Көшеде және қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтау керек.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

130
Кілт сөздер:
Шымкент, карантин, шектеу
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (819)