Өңірлер

Алматыда қаржы пирамидасының басшысына халықаралық іздеу жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевФинансовая пирамида, иллюстративное фото
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2021
Жазылу
Компания халықаралық қаржы нарықтарына инвестиция салуға және салымшылардың ақшалай капиталын басқаруға көмектесуге уәде берген, бірақ ұйым қаржы пирамидасы болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Алматы полиция департаментінің қызметкерлері қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген"Astra Consulting agensy" ЖШС басшыларына қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

Astra Consulting agensy басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты алғашқы арыз полицияға 2019 жылдың желтоқсанында түсті, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы. Содан бері полицейлер қаржы пирамидасының құрығына түскен 124 азаматтың мәліметтерін анықтады.

"Азаматтарды ақша қаражатын инвестициялауға тарту және ай сайын дивиденд төлеуге уәде беру бойынша бірқатар алаяқтық әрекетті жасады деген күдікпен компанияның алты қызметкері ұсталды. Оның басшысына халықаралық іздеу жарияланды. Күдіктілердің әрекеті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 3- бөлімі 217- бабы –  қаржы пирамидасы бойынша квалификацияланды", - деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Тергеушілердің мәліметінше, бүгінгі күні 124 салымшыға келтірілген залалдың жалпы сомасы 601 245 283 теңгеге жетіп отыр.

"Заңсыз әрекеттің басқа қатысушыларын, сондай-ақ жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жалғасып жатыр", - деп толықтырды Әбдірахманов.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды 

Сонымен қатар ол "Astra Consulting agensy" ЖШС өкілдерінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарға үндеу жасап, тергеушіге 8-701-732-86-54 телефоны арқылы хабарласуға немесе Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 55 үй мекенжайына келіп, ресми арыз жазуға болатынын хабарлады.  

Жаңалықтар
0