Өңірлер

Мемлекетке 500 миллион теңге шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинДоллары и тенге
Доллары и тенге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2021
Жазылу
Ұйымдасқан қылмыстық топ контрагент кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруға жәрдемдескен. Күдіктілердің жалған шот-фактуралар жазғаны дәлелденді

АЛМАТЫ, 15 сәуір – Sputnik. Павлодар облысында мемлекетке 500 миллион теңгеден астам шығын келтірген қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АФМ РК (@afm_rk)

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, қылмыстық топ 4 жылдан астам "өзара есеп айырысу" туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды заңсыз жазумен айналысқан.

"Ұйымдасқан қылмыстық топ контрагент кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруға жәрдем көрсеткен. Осылайша мемлекетке 500 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірді", – деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті.

Павлодар қалалық сотының үкімімен күдіктілер жалған шот-фактураларды жазу бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 5 жылға қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Жаңалықтар
0