Өңірлер

Қазақстанда қалалардың бірі карантинге жабылғаны туралы ақпарат тарап жатыр

© SputnikМобильный телефон
Мобильный телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2021
Жазылу
Түркістан әкімдігі қала "жасыл" аймақта тұрғанын, сондықтан карантинге жабу туралы әңгіме болуы мүмкін емес екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстандықтар мессенджерлерде бір-біріне Түркістанның карантинге жабылғаны туралы хабарлама жіберіп жатыр, қалалық әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"WhatsApp желісінде аудиожазба түрінде тарап жатқан "Түркістан қаласы карантинге байланысты жабылды" деген ақпараттың жалған екендігін хабарлаймыз. Соңғы статистикаға сәйкес, Түркістан қаласы жасыл аймақта. Қала азаматтарынан қоғамдық орындарда арақашықтықты сақтап, медициналық бетперде тағып жүруін сұраймыз", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Айта кетейік, Түркістан облысында шектеу іс-шаралары жалғасып жатыр.  Өңірде бұқаралық іс-шара өткізуге, ойын-сауық орталықтарының қызметіне бұрынғыша тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында карантин ұзартылды 

Азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлардың қызметі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс (сенбі-жексенбі) және мереке күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін шектеледі.

Сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері қызметі жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін шектеледі (толтырылуы 30%-тен  аспайды). Азық-түлік гипермаркеті, супермаркет, шағын маркет, үй жанындағы дүкендер сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

Түркістан облысында оқушыларды аралас форматта оқытуға рұқсат берілген, сыныпта 25 оқушыдан артық болмауға тиіс.

Жаңалықтар
0