Иллюстративті фото

Петропавлда 90-жылдары елді дүрліктірген маньяк қайта қылмыс жасады

4111
(Жаңартылды 12:35 16.04.2021)
Петропавлда подъезде қызға пышақпен тап берген адам 90-жылдары сотталған тұншықтырғыш маньяк болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Петропавлда үйдің кіреберісінде қызға пышақпен тап бергені үшін ұсталған адам 1990-жылдары сотталып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған буындырушы маньяк екені анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Еске сала кетейік, 5 сәуірде Петропавл полициясы басқармасына облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны хабарласып, кешкі сағат 20.00 шамасында өз үйінің кіреберісінде бейтаныс ер адам пышақпен тап бергенін жеткізді. Батыл бойжеткен оған қарсылық білдірген. Көрші шуды естіп, пәтерінен шыққан кезде бейтаныс ер адам қашып кеткен.

Қылмыскерді іздеуге қалалық және облыстық полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Криминалды полиция мен криминалист сарапшылар да жоспарға сай әрекет етті. Ал қала тұрғындары оқиғаны әлеуметтік желіде қызу талқылап жатты.

"Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті 7 сәуірде ұсталды. Ер адам полиция басқармасына жеткізілді. Ол осыған дейін бірнеше рет сотты болған облыс орталығының 1972 жылы туған тұрғыны екені белгілі болды. Ол бойжеткенге күш қолданғанын, оны ас үй пышағымен қорқытқанын, кейіннен қашып кеткенін мойындады", - деп хабарлады полиция.

Кейіннен күдікті бұған дейін бірнеше рет қылмыс жасаған 49 жастағы Александр Лютов екені анықталды. Ол 2016 жылы үлгілі тәртібі үшін  шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.

Терезеге көз салып...

Бұл адамның қылмысы 1990-жылдары Петропавлды дүр сілкіндірді. Оны "сексуалды маньяк" деп атап, оның қылмысы жайлы түрлі алып-қашпа әңгіме тарады. Сырт қарағанда маньякқа ұқсамайтын салмақты жігіт, дәмхана-вагонда аспаз болып жұмыс істейтін кәсіби-техникалық училище түлегі түн уақытында жарығы жанып тұрған терезелерді күзеткен. Ол терезеден әйел адамның бейнесін көріп, ағаш немесе газ құбыры арқылы үйге кіріп, қыз-келіншектерді буындырған.

Кіреберісте күтіп тұрған: Петропавлда қызды шешіндірген ер адам іздестіріліп жатыр

Тергеушілердің айтуынша, буындырушы қылмыскердің бес құрбаны кездейсоқ аман қалған. Олардың бірі үйге келген ата-анасының арқасында тірі қалса, тағы бір құрбанын – жас ананы көрші бөлмеден жүгіре жеткен күйеуі құтқарып қалған. Олардың қарсылығына төтеп бере алмаған қылмыскер оқиға орнынан ізін суытқан.

Ал 1998 жылдың 19 маусымында Лютовтың қылмысы кісі өлімімен аяқталды. Ол Петропавлдағы балалар үйінің тәрбиешісін өлтірді. Іс материалдарына сүйенсек, буындырушы түнгі сағат 3-те терезе арқылы ғимаратқа кірген. Ол ұрлық жасамақ болған сәтте бөлмеге тәрбиеші кіріп келген. Ол тәрбиешіні басынан және денесінен бірнеше рет ұрып, одан кейін тұншықтырған. Қылмыскер оның іш киімін шешіп үлгергені де анықталды.

Осы кезде шуды естіп келген екінші тәрбиеші де маньяктың құрбаны бола жаздаған. Ол өзін буындырмақ болған қылмыскердің қолынан сытылып шыққан. Тәрбиеші ғимаратты басына көтеріп айқайлаған соң, қылмыскер қорқып қашып кеткен. Тәрбиешіні өлтіргеннен кейін Лютов ұсталып, оның алдыңғы қыылмыстары да ашылды. Тірі қалған жәбірленушілер маньякты таныды.

Тергеушілердің айтуынша, буындырушының барлық қылмысының астарында сексуалды сипат бар. Тергеу мәліметі бойынша Лютов 1997 жылдың көктемінен 1998 жылдың жазы аралығында сексуалды зорлық көрсету мақсатында қыз-келіншектерге күш қолданған. Полиция оның алты қылмысын ашты. Алайда тергеушілер Лютовтың барлық қылмысы анықталмағанына сенімді. Себебі сексуалды қылмысқа келгенде қыз-келіншектер ұятты жоғары қойып, полицияға шағымданбайды.

Үнсіз, бірақ қауіпті

Жалпы Лютовтың таныстары оның бала кезден тұйық, адамдармен көп араласпайтын, жұмбақ, қорқақтау болып өскенін және ешқашан достары болмағанын айтқан. Іс материалынан белгілі болғандай, оның түн уақытында дала кезіп жүруі бала кезден пайда болған әдет. Себебі анасының араша түсуіне қарамастан, әкесі баласына тым қатал болған. Сондықтан Лютов үйден жиі кетіп, қала кезіп, терезеден әйелдерді аңдуды әдетке айналдырған. Ол ер жеткен соң да бұл әдетінен арыла алмай, түн жамылып, құрбандарын іздеуге шығып отырған. Ол барлық қылмысын түнгі сағат үш пен төрттің аралығында жасаған.

Лютовты барлығы маньяк деп санағанына қарамастан, облыстық психоневрологиялық диспансер және Талғардағы арнайы клиника психиатрлары оның ақыл-есі дұрыс деген шешімге келген. Бір ғана адамды өлтіргенін есепке алған сот қылмыскерді қатаң режимдегі колонияда 20 жыл жазасын өтеу туралы үкім шығарған. Ал 2016 жылы ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.

Облыстық полиция департаменті ол сол уақыттан бері учаскелік полицейлердің бақылауында болып келгенін хабарлады.

"Бұл адам 2016 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Қарт анасы тұратын үйге оралған. Тіркеуге тұрып, тиісті деңгейде белгіленіп тұрды. Жұмысқа да орналасты. 2018 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босату уақыты аяқталған соң Александр аса ауыр қылмыс жасаған адам ретінде басқа профилактикалық есепке ауыстырылды. Заң бұзған жоқ. Ішімдік ішпейтін, құрылыстағы жұмысына барып жүрді, күнде анасымен бірге үйінде болатын", - деді Петропавл полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Сейілбек Елжасов.

Ол Лютовтың көп сөйлемейтін жұмбақ адам болғанын, сондықтан бостандыққа шыққан соң бес жылдан кейін қайта қылмыс жасауға оны не итермелегенін болжау қиын екенін айтты.

4111
Тақырып бойынша
Екі қызды зорлағаны үшін сотталған маньяк үйленеді – видео
Бішкекте қазақстандық әйелдерді асқан жауыздықпен өлтірген: қаскөйлер қалай ұсталды
WhatsApp арқылы тараған ақпарат Павлодар жұртын шошытты
Екі қызды 4 жыл бойы қамауда ұстаған маньяк бостандыққа шыққалы жатыр
Алматыда денесі бөлшектелген қыздың ағасы: Тісін қағып алып, тырнағын кескен
Сумен ойнаған бала

Шығыс Қазақстанда үй маңындағы арықтан үш жастағы екі баланың мәйіті табылды

64
Балалар жоғалған сәтте-ақ ата-анасы мен туыстары шұғыл іздеуге кіріскенімен, олар тым кеш қалған

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Елтай ауылында жоғалған үш жастағы екі баланың мәйіті үй маңындағы арықтан табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 17 мамырда түстен кейін болған.

"Шағым түскен сәттен бастап учаскелік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Оған жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар да қатысты. Балалардың денесі үйден 350 метр қашықтағы бақша дақылдарын суаруға арналған арықтан табылды", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі кезде өлімнің себеп-салдарын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Оқи отырыңыз: 25 жастағы әйел бірден тоғыз бала дүниеге әкелді

Жергілікті полиция департаментінің мамандары тұрғындарды су айдындарында сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

64
Кілт сөздер:
ШҚО, балалар өлімі
Тақырып бойынша
Маңғыстау облысында бір жасар бала даладағы дәретханаға құлап кетті
Ақтөбе маңында екі бала суға батып кетті
Павлодарда бес жасар бала терезеден құлап кетті
Бала тамақтан уланса не істеу керек
Ақтауда кәріз құдығына құлап кеткен бала күйіп қалды
Өрт, архивтегі сурет

Павлодарда ірі өрттен екі үй түгі қалмай жанып кетті  видео

15
(Жаңартылды 18:13 17.05.2021)
Өрттен зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Сарапшылар тілсіз жаудың неден шыққанын анықтауға кірісті

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Павлодарда екі үй және үш шаруашылық қора-жай өртеніп кетті. Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дүйсенбі 12.50-де Қостанай 34 көшесінде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Жеке тұрғын үй секторында екі жер үй мен үш шаруашылық қора-жайдың шатыры жанған. Жалын 390 шаршы метр аумаққа шарпыды.

ТЖ орнына бірден тоғыз автомашинамен 39 құтқарушы, бір техникамен апаттар медицинасы орталығының үш қызметкері және екі автокөлікпен төрт полицей аттанды.

Бір сағаттан соң, 14.15-те тілсіз жау ауыздықталды. Өрт әлі толығымен сөнген жоқ.

Өрт сөндірушілер сыйымдылығы 27 литр газ баллонын сыртқа шығарды.  

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі мен шығын анықталып жатыр.

15
Кілт сөздер:
видео, өрт, Павлодар облысы
Тақырып бойынша
Риддердегі өрт: Даниал Ахметов баспана мәселесін күзге дейін шешуге уәде берді
Көкшетаулық полицейлер 17 адамды өрттен құтқарды
Риддердегі өрт толығымен сөндірілді
Өрттен 5 бала қайтыс болғаннан кейін аудан әкімі жұмыстан кетті
Газ терминалы

АҚШ сұйылтылған табиғи газ экспортын арттырды

0
Америкалық сұйылтылған табиғи газ экспорты (СТГ) рекордтық көрсеткішке жетті. Бірақ Вашингтон бұл дүрбелең жақында басылады деп қауіптеніп отыр

Өйткені, "Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылғаннан кейін Еуропаға ресейлік арзан отын жеткізіле бастайды, деп жазды РИА Новости.

Наурызда америкалықтар шетелге күніне 10,5 миллиард текше фут сұйылтылған газ жөнелтіп отырды, деп хабарлады АҚШ энергетика министрлігінің энергетикалық ақпарат басқармасы (ЕІА). Сәуірде бұл көрсеткіш 9,2 болатын. Оның өзі көктем басындағы мінсіз максимум болды.

Баяндамада көрсетілгендей, өткен жылы және осы жылдың қаңтарында АҚШ-тан жеткізілетін СТГ экспортының басым бөлігі Азияға тиесілі болды. Бірақ ақпан мен наурызда ол газдың жартысын Еуропа сатып алып тұрды. Себебі ол жақтағы спотта баға азиялықпен теңесті.

"Мамырда тәулігіне 8,6 миллиард футқа дейін қысқарады деп күтіп отырмыз. Жаз айларында Еуропа мен Азиядағы сұранысты қанағаттандыру аясында бұл көрсеткіш 9 миллиардтан жоғарылайды деген болжам бар", – дейді ведомствода.

Халықаралық энергетика агенттігі 2024 жылға қарай америкалықтар осы сегментте көшбасшы боулы мүмкін екенін жоққа шығармады. ХЭА есебі бойынша АҚШ, Австралия және Ресейдегі табиғи газды сұйылту бойынша бірлескен қуат ол уақытқа дейін СТГ әлем экспортының 90%-ін құрайды.

Алайда Катар сынды ірі экспорттаушы Азия нарығына АҚШ-қа жол бере қоюы екіталай. 2020 жылы таяушығыстық бұл мемлекет 77,6 миллион тонна СТГ экспорттады. Бұл жалпы жеткізулердің 26,5 процентін құрайды. 2024 жылға қарай Парсы шығанағы жағалауындағы кішкентай монархияның газ өндіру көлемі екі есе артады. Ақпанда Дохада Солтүстік кен орнының шығыс бөлігін пайдалану бойынша инвестициялық соңғы шешім қабылданды.

Катардан кейінгі орында 26 проценттік көрсеткішпен Австралия тұр. Үшінші орынға АҚШ (14,7) және төртінші орынға Ресей (10) жайғасты.

Солтүстік мұзды мұхиттағы мұнай және газ ресурстарын жоспарлы түрде игеру он бес жылдан бері ресейлік биліктің әлеуетінде тұр. Наурызда Ресейдің министрлер кабинеті сұйылтылған табиғи газ өндірісін дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын бекітті. Ол пайдлы қазба көздерін әртараптандыруға, ең алдымен Арктика қайраңы мен Қиыр Шығысты пайдалануға бағытталған.

OilPrice америкалық басылымы жазғандай, егер АҚШ тақтатас өндірісі есебінен ірі экспорттаушының біріне айналса, Ресейге Арктика көмектеседі. Аймақтағы пайдалы қазба қоры үлкен: табиғи газ – 35,7 миллиард текше метр, мұнай мен конденсат – 2,3 миллиард тонна.

Ресей энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, 2025 жылға қарай Ресей жылына 68 миллион тонна сұйылтылған табиғи газ өндіріп, әлем нарығындағы үлесін 25 процентке арттыра алады.

OilPrice аналитиктері еуропалықтар үшін ресейлік құбыр желілік газ ғана емес, сондай-ақ сұйылтылған табиғи газ да тартымды екенін атап өтті.

"Ұзақ мерзімді келешекте Ресейдегі СТГ Еуроодақ тұтынушылары үшін оң шешім болады. Себебі АҚШ-қа қарағанда жеткізу жылдамырақ және арзан. Энергетикалық тәуелсіздікті қалайтын Литваның да Ресейден СТГ сатып алуы бекер емес", – деп санайды өнеркәсіптік тәуелсіз сарапшы Леонид Хазанов.

Оның айтуынша, америкалық жеткізушілер үшін Қытай мен Жапония басымдылыққа ие. Себебі бұл мемлекеттерде баға жоғары. Сондықтан ресейлік СТГ мұхиттың арғы жағынан жеткізілетін газды Еуропа нарығынан ысыруы мүмкін.

Қалай болғанда да сын-қатер де жоқ емес. 2025 жылға дейін сұйылтылған табиғи газдың әлем нарығында шамадан тыс көп болуы есебінен бағаның аса жоғары болуын күтудің қажеті жоқ.

0
Кілт сөздер:
мұнай, газ