Өңірлер

Алматы облысында терісі бағалы 9 мың аңды өлтірген: полиция қылмыстық іс қозғады

© Photo : СС0 / RitaEОндатра
Ондатра - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2021
Жазылу
Ер адамның көлігінен ондатрдың тоғыз мыңға жуық терісі табылды.  Ол аң терісін қайта сату мақсатында белгісіз біреуден 4 миллион теңгеден астам сомаға сатып алғанын айтты

АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Алматы облысы Бақанас ауылында ондатрдың 9 мың терісі тәркіленді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Медведь - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2020
Оқиға
Шығыс Қазақстан тұрғыны аюды атып, бөлшектеп тастады
Ондатр – кеміргіштер тобына жататын терісі бағалы аң. Аң жылына 2-3 рет көбейіп, 25-30-ға дейін ұрпақ береді.

Тәртіп сақшылары браконерьдің Mercedes Benz микроавтобусынан 9 мыңға жуық аң терісін тапты. Аң терісі үлкен сөмкелерге салынған. Ұсталған ер адамда аң аулауға рұқсат берілгені туралы құжаттар болмаған. Ол аң терісін қайта сату мақсатында белгісіз біреуден 4 миллион теңгеден астам сомаға сатып алғанын айтты.

Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4-бөлігі 4-тармағы (ірі залал келтіре отырып заңсыз аң аулау) бойынша іс қозғалды.

Ведомство мемлекетке келтірілген шығын сомасын есептеп жатыр.

Жаңалықтар
0