Өңірлер

Шымкентте үш айлық баланың кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалды

© AP Photo / John LocherРука неизлечимо больного ребенка в больничной палате, архивное фото
Рука неизлечимо больного ребенка в больничной палате, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2021
Жазылу
Дәрігерлер қауіпті затты пышақ тигізбестен шығарып алды. Сәбидің қазіргі жағдайы жақсы, дейді ақ халатты абзал жандар

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Шымкентте хирургтер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған үш айлық қызды құтқарды.

© Photo : сетевое издание "otyrar.kz"Шымкентте үш айлық баланың кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалды
Шымкентте үш айлық баланың кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2021
Шымкентте үш айлық баланың кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалды

Сәбиді тыныс алу жолында бөгде зат бар деген күдікпен жедел түрде балалар клиникалық ауруханасына жеткізген. Дәрігерлер нәрестені тексеріп, рентгенге түсірді. Тексеріс нәтижесінде кеңірдектің жоғарғы бөлігінен түйреуіш табылды, деп жазды Otyrar.

Қауіпті затты алып тастау үшін науқасқа аурухананың білікті хирургтері Әкім Түлкібаев, Нұрбол Қоянбаев, сонымен қатар анестезиолог дәрігер Берік Тотықов ота жасады.

"Фибробронхоскоппен операция жасалып, түйреуіш алынды. Ота кезінде пышақ қолданылмады. Баланың жалпы жағдайы жақсы, хаттамаға сәйкес қажетті ем алып жатыр", - деді Түлкібаев.

Дәрігерлердің айтуынша, бөгде зат ауыз қуысы мен жұтқыншақ арқылы кеңірдекке түсіп, сол жерде тұрып қалады. Балалар көбінесе ұсақ моншақты, түймені, инені, түйреуішті, сүйекті, ұсақ монетаны жұтып қоюы мүмкін.

Жаңалықтар
0