Алматыда қар, архивтегі сурет

Қар аралас жаңбыр: Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дабылды ескерту жарияланды

3908
Алдағы күндері бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Қазгидромет республиканың барлық дерлік өңірінде дабылды ескерту жариялады.

17 сәуірде Атырау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін барады.

Атырау қаласында күндіз желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

17 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерлерін тұман басады, күндіз найзағай жарқылдайды. 19 сәуірде күндіз ауа температурасы +5... +10 градусқа дейін күрт төмендейді. 20 сәуірде түнде минус 3-8 градус суық, күндіз 2-7 градус жылы болады. Желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін барады.

17 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде және Ақтау қаласында тұман болжанып отыр.

17 сәуірде Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтілуде. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.

17 сәуір күндіз, 18-19 сәуірде тәулік бойы Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнайды. 18-19 сәуірде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Таразда 18 сәуірде найзағай жарқылдайды, жел күшейеді.

19 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Бұрқасын, көктайғақ, тұман болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде минус 7-12 градусқа дейін, күндіз 0-5 градусқа дейін төмендейді.

19 сәуірде түнде Қостанай облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), бұрқасын, көктайғақ, тұман болжанып отыр. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін барады.  Ауа температурасы түнде минус 3-8 градусқа дейін төмендесе, күндіз минус 3 градустан плюс 2 градусқа дейін көтеріледі.

Тағы оқыңыз: Күн қайта суытады – алдағы күндері ауа райы қандай болады

19 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады), бұрқасын, көктайғақ, тұман болады деп күтілуде. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с. Сынап бағанасы түнде минус 5-10 градус, күндіз 0-5 градус суықты көрсетеді.

19 сәуірде Павлодар облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады), бұрқасын, көктайғақ, тұман болжануда. Солтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Ауа температурасы түнде минус 2-7 градус, күндіз 0-5 градус суық болады. 20-21 сәуірде түнде температура минус 7-12 градусқа дейін түседі.

19-20 сәуір күндері Қарағанды облысының кей жерлерінде де жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, көктайғақ, тұман болады, 20 сәуірде бұрқасындатады. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін барады. 19 сәуірде түнде ауа температурасы минус 3 градус пен плюс 2 градус аралығында құбылады. 20-21 сәуірде түнде минус 7-12 градусқа дейін төмендейді.

20 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), көктайғақ, тұман, бұрқасын күтілуде. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. 20 сәуірде ауа температурасы түнде минус 2-7 градус, күндіз минус 3 градустан плюс 2 градус жылы болады. 21-22 сәуірде түнде сынап бағанасы минус 5-13 градусқа дейін түседі.

20 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. 20 сәуірде түнде ауа температурасы плюс 2-7 градусқа дейін күрт төмендейді, 21 сәуірде түнде кей жерлерде 3 градус үсік жүреді.

3908
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, ауа райы
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1019
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1019
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы
Улицы Шымкента

Шымкентте карантин талабы өзгерді жаңа қаулы шықты

109
Мегаполистегі карантин және шектеу шаралары 16 мамырдан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес мегаполис аумағында коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеу шаралары ұзартылады.

"Шымкент қаласында карантин режимін және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 21 мамырынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын", ​​- делінген құжатта.

Қала тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды

65-тен асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Көшеде және қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтау керек.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

109
Кілт сөздер:
Шымкент, карантин, шектеу
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин