Өңірлер

Шымкент тұрғыны шетел азаматының 343 миллион теңгесін алдап алған

© Sputnik / Абзал КалиевФрагменты купюр тенге
Фрагменты купюр тенге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2021
Жазылу
Ол танысына Қазақстан аумағынан полиметалл кенінің сызбасын тауып беремін деп, сеніміне кіріп, оған материалдық шығын келтірген

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Шымкентте 38 жастағы ер адам алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.

2021 жылдың 14 сәуірінде Қаратау аудандық полиция басқармасының "102" арнасы арқылы Бурятия Республикасының 63 жастағы тұрғыны шағымданған.

"Ол өз арызында 2017-2019 жылдар аралығында өзінің танысы Қазақстан Республикасы аумағынан полиметалл кенінің сызбасын тауып беремін деп, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 343 250 000 теңгесін алып, материалдық шығын келтіргенін көрсеткен", - деп жазды Otyrar.kz.

Қаратау аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкент қаласының 38 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

 

Жаңалықтар
0