Жапырақ

Күн күрт суытады: синоптиктер ертеңгі ауа райын болжады

2385
Республиканың кейбір өңілерінде ауа райының нашарлауына байланысты дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Дүйсенбі, 19 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түсіп, күн күрт суытады деп болжанды.

Қазгидрометтің хабарлауынша, республиканың солтүстік жартысында кей жерлерде жауын-шашын болады. Ал шығыс өңірдегі аудандарда қар аралас жаңбыр, оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

"Скандинавия түбегінен салқын антициклон соғуына байланысты республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында және шығысында, ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Жел күшейіп, төңіректі тұман қаптайды және солтүстік өңірлерде көктайғақ болып, бұрқасын жүреді", – делінген хабарламада.

Кей өңірлерде дабылды ескерту жарияланды

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, қар жауады, түнде желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Павлодар, Қостанай облысында да осындай ауа райы қалыптасып, секундына 23 метрге дейін жел соғады.

Ал Қарағанды ​​облысында тұман, көктайғақ, желдің күші секундына 28 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында 28 метр/секундқа дейін жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Желдің күші секундына 20 метрге дейін жетеді деп болжанды.

Жамбыл мен Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

Ақтөбе мен Қызылорда және Батыс Қазақстан облысында да осы шамада жел күшейіп, кей жерлерде найзағай болады.

Ал Маңғыстау мен Атырау облысының кей аудандарында тұман түседі.

Мегаполистердегі ауа райы

  • Нұр-Сұлтанда ауа температурасы 0-ден +2 градусқа дейін төмендейді. Желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетіп, қар жаууы мүмкін.
  • Алматыда күн райы бұлтсыз әрі жауын-шашынсыз болады. Температура күндіз +20, +22 градус болады деп болжанды.
  • Синоптиктер Шымкентте көшпелі бұлт жүреді. Жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасып, күндіз +24, +26 градус жылы болады.
2385
Кілт сөздер:
ауа райы қолайсыздығы, ауа райы
Иллюстративті фото

Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға сот үкімі шықты

7
(Жаңартылды 13:44 14.05.2021)
Бұған дейін сотталушылардың адвокаттары сот процесінде туындаған шиеленісті жағдайды ескеріп, істі қарауды тездетуді сұраған

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Сот өткен жылы Сәтбаев қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қарағанды облысының ювеналды сотында 55 адамға қатысты іс қаралды. Себебі, тәртіпсіздік кезінде сотталушылардың үшеуі 18 жасқа толмаған еді.

Сот алдына 49 ер адам мен 6 әйел келді. Оларды екі қылмыстық бап бойынша кінәлі деп таныды: 272-бап "жаппай тәртіпсіздік" және 380-бап "билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық".

Процесс барысында сотталушылар өздеріне тағылған айыпты мойындап, прокурордың соттан сұраған жазасына келісті.

14 мамырда судья Кенжебай Ысқақбаев сотталушыларға қатысты жазаны анықтады. Тоғыз адам үш жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы 44 сотталушы төрт жылға шартты түрде жаза алды, қалған екі адам бір жарым жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Тұрғындар педофилді беруді талап етті

Сәтбаев қаласында жаппай тәртіпсіздік 2020 жылдың 24 шілдесіне қараған түні бес жасар қызды ұрлап, зорлағаннан кейін басталды. Ашуланған жергілікті тұрғындар өздеріне педофилді беруді талап етті. Алайда, полиция күдіктіні үйден байқатпай алып шықты.

Содан жаппай тәртіпсіздік басталды, жағдай ұлттық ұлан жауынгерлері көмекке келгеннен кейін ғана бақылауға алынды. Оған дейін полиция бөлімшесі мен олардың қызметтік көліктері талқандалды. Іс бойынша елуге жуық полиция қызметкері, 13 азаматтық тұлға, облыстық полиция департаментінің бір өкілі жәбірленуші ретінде қатысты.

Оқи отырыңыз: Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздік: адвокат сотталушылардың жүйкесі сыр бергенін айтты

Ал қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам сотқа дейін тергеу изоляторында қаза тапты. Ол өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды.

7
Кілт сөздер:
Сәтпаев қаласы, педофил
Тақырып бойынша
Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған экс-депутат ұсталды
Алматыда жаппай вакциналау қайта басталады – денсаулық басқармасы мерзімін атады
Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік: бір адам тергеу изоляторында қайтыс болды
Түркістанда жаппай төбелестен соң қылмыстық іс қозғалды – видео
Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздік: 54 адамға қатысты сот басталды
Полиция автокөлігі

Педофилдер туралы хабарлама Шығыс Қазақстан полициясын әбігерге салды

608
Полиция өңір тұрғындарын шошытқан хабарламаны жоққа шығарып, оның Шығыс Қазақстан облысына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Полиция Шығыс Қазақстан облысында "педофилдер тобы" бар екені туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Өйткені, Өскемен тұрғындары мессенджерде педофилдер туралы әртүрлі хабарлама ала бастаған, деп хабарлады жергілікті YK-news.kz басылымы.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және Шығыс Қазақстан облысына қатысы жоқ", – деп хабарлады облыстың полиция департаменті.

Сондай-ақ полиция тұрғындарды жалған хабарламаларға сенбеуге шақырды.

Айта кетейік, жақында Қарағандыда азғындық жасады деген күдікпен 55 жастағы ер адам ұсталды. Ол өңірде жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қызбен бірге адам тұрмайтын үйден табылған болатын. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: Президенттің атынан жалған ақпарат таратылып жатыр - Тоқаевтың баспасөз хатшысы

608
Кілт сөздер:
ШҚО, жалған ақпарат, педофил
Тақырып бойынша
"Жалған ақпарат": министр 13,5 млрд доллар туралы жазған блогерлерге жауап берді
"Төбеңнен қойып қалады": әртістер жалған ақпарат тарағанда қандай күйде болатынын айтты
"Фотоға түсіріп, айыппұл салады": әлеуметтік желіде тағы бір жалған ақпарат тарады
Не себепті мұндай жалған ақпарат тарағанын білмеймін – Бекшин
"Тойды ұйымдастырған мен емес": Марат Омаров жалған ақпарат таратқандарды іздеп жатыр