Өңірлер

Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты: бір адам қайтыс болды – видео

© Sputnik / Медиабанкке өтуМногоэтажный дом. Архивное фото
Многоэтажный дом. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2021
Жазылу
Өрттің шығуына темекі тарту кезіндегі абайсыздық себеп болуы мүмкін. Өрт-сынақ зертханасының қызметкерлері төтенше оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптама жүргізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Павлодарда отқа оранған үйдің ішінен пәтер иесінің мәйіті табылды. Бұл туралы жергілікті Pavlodarnews.kz сайты хабарлады.

Өрттің шығуына темекі тарту кезіндегі абайсыздық себеп болуы мүмкін. Облыстық төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт туралы қоңырау 12:27-де түскен. Бес қабатты үйдің бірінші қабатында бір бөлмелі пәтерден өрт  шыққан. Үй ішіндегі заттар, жиһаздар жанған. Өрттің аумағы 15 шаршы метрді құрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

"Пәтерден 1968 жылы туған пәтер иесінің өртеніп кеткен мәйіті табылды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін үйден алты адам өздері эвакуацияланған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар өрт сөндірушілер бесінші қабаттағы пәтерден үш баланы алып шықты.

Оқи отырыңыз: Өскеменде көпқабатты үйдің тұрғындары эвакуацияланды

Өрт орнында өрт-сынақ зертханасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Сараптама нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады.

Өрт 12:52-де сөндірілді.

Жаңалықтар
0