Мектеп. Архивтегі фото

Батыс Қазақстанда директор мен есепшінің құпиясын біліп қойған мұғалім "жазаланды"

3838
(Жаңартылды 08:28 20.04.2021)
Сандуғаш Бисенғалиева мектеп директоры мен бас есепшінің ақша жымқырғанын аңғарыпты. Осылайша құзырлы органдарға арызданған

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір — Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы музыкалық мектептің меңгерушісі тикток түсіргені үшін жұмысынан қуылды, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Билеп жүріп, бір сәтте жұмыссыздардың қатарына қосылған Сандуғаш Бисенғалиева басшысының бұл шешімімен келіспейді. Айтуынша, бұған директормен арадағы араздық себеп болыпты. Сандуғаш Бисенғалиева мектеп директоры мен бас есепшінің ақша жымқырғанын аңғарыпты. Осылайша құзырлы органдарға арызданған. Аудиттік тексеру кезінде мектеп басшылығының 26 миллион теңге ұрлағаны анықталған. Содан кейін директор қыр соңымнан қудалап, қалай да өш алуға тырысты дейді жұмыссыз ұстаз.

"Қаңтарда қаржы полициясына арыз бердік, содан бері сыйғызбады. Орныңнан алып тастаймын, бұл жұмысты істемейсің деді! Тик-токтағы менің приватный аккаунтым. Оқушыларыммен бірге түсемін. Ән айтамын, оның үстіне бишімін ғой. Бір күнде жұмыстан шығарып тастауы менің 25 жылдық еңбегімді жоққа шығарғаны ғой", - дейді Сандуғаш Бисенғалиева.

Әділдік іздеген мұғалім Теректі аудандық білім бөлімі мен еңбек инспекциясына шағымданған. Өйткені кек алуға тырысқан мектеп директоры заңды белден басып, бір күнде бірнеше рет сөгіс жариялапты. Тіпті ауырып үйінде жатса да, жұмыстан шығарып жіберген. "Осылайша директор тиктоктағы видеомды теріс мақсатта түрлі уатсап-топтарға таратып, күйе жағуға тырысты. Жеке видеомды көптің талқысына ұсынып, этика әдебінен аттап кетті" дейді күйінген ұстаз. Мұны аудандық білім бөлімі растап отыр.

Оқи отырыңыз: Қостанайлық мұғалім жылап тұрып видео жариялады - министрлік жауабы 

"Мектеп директоры өз қызметкерін жұмыстан шығармастан бұрын, білім бөлімін ескертуі керек. Бірақ ол бұл туралы тіс жармады. Сондықтан директоры қызмет бабын асыра пайдаланды деп санаймын. Әрі адамның жеке видеосын таратуға болмайды. Туындаған дауды заң аясында шешуге тырысамыз", - дейді Теректі аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Жанаргүл Құсайынова.

3838
Тақырып бойынша
Әлеуметтік желіні шулатқан алматылық мұғалім жазасын алды
Мұғалім оқушыларды мазақ қылғаны үшін директор жұмыстан қуылды
Астанадағы элиталы мектептен шетелдік қылмыскер мұғалім қуылды
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1125
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1125
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы
Улицы Шымкента

Шымкентте карантин талабы өзгерді жаңа қаулы шықты

128
Мегаполистегі карантин және шектеу шаралары 16 мамырдан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес мегаполис аумағында коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеу шаралары ұзартылады.

"Шымкент қаласында карантин режимін және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 21 мамырынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын", ​​- делінген құжатта.

Қала тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды

65-тен асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Көшеде және қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтау керек.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

128
Кілт сөздер:
Шымкент, карантин, шектеу
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин