Өңірлер

500 мың теңгеден таратылып жатыр деп ойлаған қызылордалықтар ұятқа қалды – видео

© Sputnik / Болат ШайхиновДеньги
Деньги  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2021
Жазылу
Кей қызылордалық қалада жарты миллион теңгеден таратып жатыр деген жалған ақпаратқа сеніп жұмыспен қамту орталығына жиналды

АЛМАТЫ, 21 сәуір – Sputnik. Қызылордада жұмыспен қамту орталығына бір топ адам жиналды. Әлеуметтік желіде ондаған адамның бір-бірін итере нысанға терезе арқылы кіргені түсірілген видео тарады. Олар айғайлап, төбелес шығаруға дейін барған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🇰🇿ҚАЗАҚТЫҢ ДӘУЛЕТІ🇰🇿 (@dauletten)

Кейіннен желіде қалада жарты миллион теңге грант таратылып жатқаны туралы ақпарат пайда болғаны анықталды. Ол жерде грант тек бүгін берілетіні айтылған, деп хабарлады КТК.

Шын мәнінде орталыққа "Бизнес бастау" мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алуға өтініш берген жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлер шақырылған. Курс аяқталған соң әрбір қатысушыға сертификат беріледі. Олар жеке-жеке бизнес жоспар құрып, қорғайды. Егер комиссия бизнес жоспардың болашағы бар деп бағаласа, қатысушыға 200 АЕК (583 400 теңге) көлемінде грант береді.

"Атмекен" ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, адамдардың жаппай жиналу мәселесі оқытуға жолдама беру әдісіне байланысты туындады.

"Жұмыспен қамту орталықтары жолдаманы қағаз түрінде беретіндіктен, қазақстандықтар оқудың бірінші легіне үлгеру үшін кезекке тұрады", - деп түсіндірді ол.

Оның сөзінше, биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты сабақ онлайн форматқа ауыстырылды. Ол үшін atameken.co сайтына тіркеліп, жеке басын куәландыратын құжатты және жұмыспен қамту орталығының жолдамасын тіркеу қажет.

"Адамдарға топ-топ болып жиналудың қажеті жоқ. Бірінші лекке үлгермеген азаматтар екінші лектен алтыншы лекке дейін қатыса алады", - деп толықтырды ҰКП төрағасының орынбасары.

Нариман Әбілшайықов жыл соңына дейін өңірлерде 6 лек өтетінін, оның нәтижесі бойынша 30 мың адам бизнес негіздерін меңгеретінін айтты.

Жаңалықтар
0