Өңірлер

Түркістан облысында кредит алған әйелді шырылдатқан банк қызметкері ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевЧеловек считает деньги
Человек считает деньги  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2021
Жазылу
Кредит алған әйел банк қызметкерінің 2,5 миллион теңге рәсімдеп, 1 миллион теңгені өзінің қалтасына басқанын бір жыл өткен соң бір-ақ білген

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Түркістан облысында банк қызеткері клиент кредитінен 1 миллион теңгені (2,3 мың доллар) жымқырған.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданған. Әйел адам 1,5 миллион теңге (3,4 мың доллар) кредит алу үшін банкке өтінім жолдаған. Банк келісім берген соң, қарызды рәсімдеген. Алайда бір жыл өткен соң банк қызметкері оның атына 2,5 миллион теңге кредит рәсімдеп, 1 миллион теңгені өзіне алып қалғанын білген, деп хабарлады Polisia.kz.

Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде қазіргі уақытта жұмыссыз жүрген күдіктіні ұстады. Тергеу барысында ер адамның осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

Оқи отырыңыз: Қостанайда 44 адамның атынан кредит алған алаяқ ұсталды 

Ол осы әдіс арқылы аудан тұрғынының атына 700 мың теңге кредит рәсімдеген. Күдікті жасаған қылмысын мойындады және қазір ол қамауға алынды.

Полиция Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ер адам 1000 АЕК (2,9 миллион теңге немесе 6,7 мың доллар) айыппұл төлеуі немесе екі жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе мүлкі тәркіленіп, дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0