Өңірлер

Қазақстанның бір облысы "жасыл" аймақтан шығып қалды

© Sputnik / Абзал КалиевАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
22 сәуірдегі жағдай бойынша республика өңірлерінде эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Қостанай облысы "жасыл" аймақтан "сарыға" ауысты.

Матрицаға сәйкес, "қызыл" аймақ өзгеріссіз тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары.

"Сары" аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан.

"Жасыл" аймақта тек екі өңір – Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.  

Қазақстанда өткен тәулікте 2 893 адамның коронавируспен ауырғаны расталды.

Жаңалықтар
0