Өңірлер

Түркістан облысында жол апатын жасаған жүргізуші бес жылға сотталды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
"Mitsubishi Carisma" көлігінің 35 жастағы жүргізушісі "Сарыағаш-Қазығұрт" тас жолымен келе жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Түркістан облысында екі адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі жүргізуші бес жылға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Трагедия Сарыағаш ауданында болған. Нақтырақ айтсақ, 2020 жылы 29 желтоқсанда кешкі сағат 20:00 шамасында 35 жастағы жергілікті тұрғын өзінің "Mitsubishi Carisma" маркалы көлігімен "Сарыағаш-Қазығұрт" тас жолымен келе жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, "Opel Vectra" маркалы автокөлікке соқтығысады. Соның салдарынан "Opel Vectra" жүргізушісі оқиға орнында көз жұмады, ал ішіндегі жолаушының бірі аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

Ақтөбе облысында мас жүргізушінің кесірінен жолаушы көз жұмды

Тексеру барысында жол апатын жасаған жүргізушінің "жеңіл дәрежеде" мас екені белгілі болды. Ол рөлді игере алмай қалған.  

1985 жылы туған жүргізуші бес жылға сотталып, өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылды.

Сот 1985 жылы туған жүргізушіге жәбірленуші тараптардың кешірім беріп, бұған дейін жауапкершілікке тартылмағанын ескере келе, оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын кесті.  

Жаңалықтар
0