Өңірлер

"Маған айыппұл салыңыз": Рамазан айында депутаттардың басы дауға қалды

© Sputnik / Абзал КалиевАуызашар - разговение во время священного месяца Рамазан
Ауызашар  - разговение во время священного месяца Рамазан - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2021
Жазылу
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында қарқынды терапия төсектерінің 40 проценті науқастарға толғандықтан, өңірде карантин шарасы күшейтілді

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Ақтөбеде қалалық мәслихатының хатшысы мен облыстық мәслихаттың депутаты әрі өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы карантин кезінде ауызашарға барып басы дауға қалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Анар Даржанова мен Сұлупан Шынтасованың дәмханада өткен ауызшарда отырған видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Бір қызығы ауызашар қарсаңында ғана Шынтасова жергілікті телеарна эфиріне шығып, кәсіпкерлерді карантин шараларын қатаң сақтауға шақырған.

Ал енді депутаттың өзі шақырған жерге барудан бас тарта алмағанын айтып, ақталып отыр.

"Мен қателік жасадым. Бірақ тағы айтамын, өйткені біз қазақпыз және мені көңіл шай ретінде шақырған соң келіскенмін. Ол жерде болғанымды жоққа шығармаймын және маған айыппұл салуды сұраймын. Мұны Нұрсұлу Алтынбекқызының өзі растайды", – деп түсіндірді "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Ақтөбе облыстық филиалының басшысы әрі облыстық мәслихаттың депутаты Шынтасова.

Ал өңірдегі санитар дәрігерлердің айтуынша, қазіргі кезде ұжымдық ауызашарға қатысушылардың барлығы анықталып жатыр.

"Олардың барлығына әкімшілік шаралар қолданылады", – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Оқи отырыңыз: Дәмханада ауызашар өткізуге бола ма – бас санитар жауап берді

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста қарқынды терапия төсектерінің 40 проценті науқастарға толған. Осы жағдайға байланысты өңірде карантин шаралары күшейтілді.

Жаңалықтар
0