Түркістандағы ұшатын театр

Түркістанда жел "ұшатын" театрдың қасбетін жұлып кетті видео

3571
(Жаңартылды 15:15 24.04.2021)
Желі қолданушылары ғимараттың құрылыс сапасына ашулы

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір - Sputnik. Түркістандағы "ұшатын" театрдың қасбетін қаптаған қаңылтырды жел ұшырып жіберді. Театр "Керуен-Сарай" туристік кешенінде орналасқан. Видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Кешен өкілдері Sputnik Қазақстанға кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.

Бұдан бұрын Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі "әлемде теңдесі жоқ театр" салынып жатқаны туралы хабарлаған болатын. Ерекше мәдени нысан Самұрық құстың алып жұмыртқасы формасына келеді.

"Дәл осы алтын түсті алып жұмыртқа келбетіндегі ерекше театрда Бәйтерегіміз сияқты сиқырлы ертегілер еліне, қазақ халқының тарихына жаңа технологиялардың көмегімен, 8 D форматта әсерлі саяхат жасауға болады", - делінген еді хабарламада.

"Керуен-Сарай" туристік кешенінің құрылысы 2019 жылдың желтоқсанында басталды.

Оқи отырыңыз: "Қазақстандағы Венеция": Түркістанда "Керуен-Сарай" туристік кешені ашылды – фото

Инвестициялық жобаны Turkistan Tourism City жүзеге асырды. Ашылуы 2021 жылдың сәуірінде өтті.

Кешен 20,5 гектар аумақта орналасқан және оған Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, "ұшатын театр", ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы кіреді.

3571
Кілт сөздер:
театр, Түркістан
Тақырып бойынша
Мамин Түркістанның даму барысын тексерді
Түркістанда елімізде баламасы жоқ спорт кешені салынады
Көне және заманауи: Түркістанда туристік кешен ашылды – видео
Түркістанда "ұшатын" театр ашылады
Полиция автокөлігі

Педофилдер туралы хабарлама Шығыс Қазақстан полициясын әбігерге салды

7
Полиция өңір тұрғындарын шошытқан хабарламаны жоққа шығарып, оның Шығыс Қазақстан облысына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Полиция Шығыс Қазақстан облысында "педофилдер тобы" бар екені туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Өйткені, Өскемен тұрғындары мессенджерде педофилдер туралы әртүрлі хабарлама ала бастаған, деп хабарлады жергілікті YK-news.kz басылымы.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және Шығыс Қазақстан облысына қатысы жоқ", – деп хабарлады облыстың полиция департаменті.

Сондай-ақ полиция тұрғындарды жалған хабарламаларға сенбеуге шақырды.

Айта кетейік, жақында Қарағандыда азғындық жасады деген күдікпен 55 жастағы ер адам ұсталды. Ол өңірде жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қызбен бірге адам тұрмайтын үйден табылған болатын. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: Президенттің атынан жалған ақпарат таратылып жатыр - Тоқаевтың баспасөз хатшысы

7
Кілт сөздер:
ШҚО, жалған ақпарат, педофил
Тақырып бойынша
"Жалған ақпарат": министр 13,5 млрд доллар туралы жазған блогерлерге жауап берді
"Төбеңнен қойып қалады": әртістер жалған ақпарат тарағанда қандай күйде болатынын айтты
"Фотоға түсіріп, айыппұл салады": әлеуметтік желіде тағы бір жалған ақпарат тарады
Не себепті мұндай жалған ақпарат тарағанын білмеймін – Бекшин
"Тойды ұйымдастырған мен емес": Марат Омаров жалған ақпарат таратқандарды іздеп жатыр
Киіктер өлексесі

Батыс Қазақстанда 400-ге жуық киіктің өлексесі табылды

53
Киіктер қырылған жерде түсірілген суретте дала жануарлары ойпаңда бір қатарда жатқаны көрінеді. Бір күн бұрын осы аймақта нөсер жауын жаууына байланысты ол жерде су жиналған болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы Жәнібек ауданында 372 киіктің өлі денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша жануарлар найзағай соғуынан қырылған болуы мүмкін, деп жазады жергілікті "Ақ Жайық" сайты.

Батыс Қазақстан облысындағы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясының жетекшісі Қайрат Кәдешовтің айтуынша, киіктер жаппай қырылған жерде жақында жаңбыр жауып, найзағай түскен.

"Біздің инспекторлар оқиға орнын зерттеп, қырылған 372 киікті анықтады. Киіктер бір қатарда жатқан. Өлексені тексеру кезінде найзағай тоғысуының белгілері табылды. Қазір ветеринарлар қосымша сынамалар алып жатыр. Ол сынамалар сараптамаға жіберіледі", – деді Кәдешов.

Оның айтуынша, осы тектес жағдай өткен жылы да болып, соның салдарынан 62 киік қырылған.

Киіктердің найзағайдан зардап шегуі ықтимал екенін орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз қызметі де растады.

"Құзырлы органдардың қатысуымен жедел штаб құрылды. Алдын ала мәлімет бойынша киіктердің жаппай қырылуына осы аймақтағы қолайсыз ауа райы себепші болуы мүмкін. Себебі өлекселерден найзағай тоғы соққан белгілер байқалды. Алдағы уақытта жүргізілетін сараптама нәтижесі бойынша дала жануарларының қырылуына не себеп болғанын нақты анықтайтын боламыз", - деді ведомствода.

Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аймақтық инспекциясы мен ветеринария басқармасы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті.

Қазақстандағы киіктер популяциясы

Осы жылдың сәуірінде экологтар киіктер санағын бастады. Әуеден жасалған есеп ақбөкендердің үш популяциясында жыл сайын жүргізіледі. Алайда 2020 жылы карантинге байланысты бұл шара кейінгі қалдырылды.

Қазақстанда киіктер Батыс Қазақстанда, Үстіртте – ішінара Маңғыстауда, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау облыстарында тіршілік етеді. Ақбөкендердің ең көп популяциясы Бетпақдаланы қамтитын Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында орналасқан.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандық фермерлер дала жануарларының көбеюіне байланысты жайылымдағы малға аз азық қалып отырғанына шағымданды.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда мал жаппай қырылып жатыр

Зоология институты ғалымдарының айтуынша, киіктер көшпелі өмір салтын ұстанатындықтан жайылымдарға түсетін жүктеме деңгейі жоғары емес. Сондықтан ақбөкендер жайылымдардағы шөптің аз ғана бөлігін жейді. Бұл жайылымдарды қайта пайдалануға мүмкіндік береді.

53
Кілт сөздер:
БҚО, ақбөкендер
Тақырып бойынша
Ақтөбелік ауыл тұрғындары 40 мың шошқа өсіретін ферманың жабылуын талап етуде
Қазақстанда өткен жылы тұмаудан 2 миллионға жуық құс қырылды
Ақтөбе облысында балық қырылды – экологтар зерттеу жүргізеді
Батыс Қазақстанда заңсыз киік аулаған шекарашы ұсталды
Батыс Қазақстан облысында 800-ден астам киік мүйізі тәркіленді