Бейнебақылау камерасы

Дәрігер бөлмесіндегі бейнежазба Петропавл тұрғындарының шамына тиді

2250
(Жаңартылды 08:04 26.04.2021)
Пациенттердің айтуынша, кереуеттің дәрігер үстеліне тым жақын орналасуы олардың дене мүшесінің бақылау камерасына түсіп қалуына мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының онкологиялық клиникасындағы дәрігерлер кабинетінің есігінде аудио және бейнежазба жүргізілетіні туралы ескерту пайда болды. Мұндай хабарландыру тұрғындардың шамына тиді, деп хабарлайды жергілікті Петропавловск.news сайты.

Осылайша онкологиялық клиника дәрігерлерінің кабинетіне орнатылған бейнебақылау камералары тұрғындарының жағасын ұстатты.

Яғни бұдан былай пациенттерді медициналық тексеруден өткізілген сәт таспаға жазылып, бейнежазбалар серверге жіберіліп, сол жерде сақталады. Ал оның сақтау мерзімі мен шарттары белгісіз.

"Бейнебақылау камералары бас дәрігердің шешімі негізінде орнатылған, жаппай орнату туралы бұйрық жоқ. Егер дәрігерлер кабинетінде камера болса, есігіне: "Назар аударыңыз! Аудио және бейнежазба жүргізіліп жатыр" деген ескерту ілінуі тиіс. Мұның бәрі қызмет сапасына бақылау жүргізу үшін іске асырылып жатыр", – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Алайда кабинеттердің тар болуы мен тексеруге арналған кереуеттің дәрігердің жұмыс үстеліне тым жақын орналасуы тұрғындардың шамына тиген. Бұл жағдай гинеколог пен мамолог сынды өзге де дәрігер-мамандардың қарауы кезінде пациенттердің дене мүшесі бақылау камерасына түсіп қалуына мүмкіндік береді.

"Медициналық мекемелерді бейнебақылау жүйесімен жабдықтау мәселесі, оларды пайдалану ережелері егжей-тегжейлі қарастырылмаған. Мұндай шараны қолға алмас бұрын, адамдарға түсіндіру жұмыстарын жүргізгені орынды болар еді", – дейді қала тұрғындары.

Себебі, жазбалардың қашан, қай жерде, қалай сақталатыны және оның қауіпсіздігінен пациенттер мүлдем хабарсыз.

Оқи отырыңыз: Онлайн-емхана: дәрігер мен пациент үшін қаншалықты тиімді

2250
Кілт сөздер:
Петропавл, аурухана
Тақырып бойынша
Атырауда бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео жылдам таралып жатыр
Нұр-Сұлтанда сайлау учаскесіндегі бейнебақылау камерасын скотчпен жауып тастаған
Түркістанда салмағы 135 келі болатын пациент асқазанын кішірейтті
Ауруханаға түсіп қалған Илья Ильин видео жариялады
Петропавлда 100-ден астам бейнебақылау камерасы іске қосылды
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1093
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1093
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы
Улицы Шымкента

Шымкентте карантин талабы өзгерді жаңа қаулы шықты

122
Мегаполистегі карантин және шектеу шаралары 16 мамырдан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес мегаполис аумағында коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеу шаралары ұзартылады.

"Шымкент қаласында карантин режимін және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 21 мамырынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын", ​​- делінген құжатта.

Қала тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды

65-тен асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Көшеде және қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтау керек.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

122
Кілт сөздер:
Шымкент, карантин, шектеу
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин