Архивтегі фото

Нұр-Сұлтан маңындағы ауыл облыстық маңызы бар қала болуы мүмкін

3970
(Жаңартылды 18:23 26.04.2021)
Жергілікті тұрғындар Қосшы ауылының қала болуы адамдарға бизнесті дамытуға мүмкіндік береді деп санайды

АЛМАТЫ, 26 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан маңындағы Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала болуы мүмкін. Президент жарлығының жобасы "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында жарияланды.

Құжатты әзірлеуге Қосшы ауыл округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы негіз болды.

"Қосшы ауылының қазіргі жағдайы мен дамуы болашағы оның мәртебесін көтеру қажет екенін көрсетеді. Ауылға қала мәртебесін беру жылжымайтын мүліктің өтімділігін, кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін бизнес ашу мен дамытуға кредит ресурстарына қолжетімділігін артырады", - делінген жобаға түсіндірме жазбада.

Сондай-ақ құжатта Қосшы ауылы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" заңы бойынша облыстық маңызы бар қалаға қойылатын талапқа сай келетіні айтылған.

Қосшы Ақмола облысының Целиноград ауданында орналасқан. Ауылдың жалпы аумағы – 2 413 гектар, 50 мыңнан астам адам тұрады.

Ауылда үш орта мектеп (біреуі жеке), ауылдық клуб, мәдениет үйі, "Жанұя" отбасы денсаулығы орталығы, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, дүкен, дәріхана, дәмхана, мейрамханалар бар.

Жарлық жобасы 2021 жылдың 13 мамырына дейін көпшілік талқылауында болады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Қосшы ауылын Нұр-Сұлтан қаласына қосу жоспарланбағанын мәлімдеген болатын.

3970
Сумен ойнаған бала

Шығыс Қазақстанда үй маңындағы арықтан үш жастағы екі баланың мәйіті табылды

64
Балалар жоғалған сәтте-ақ ата-анасы мен туыстары шұғыл іздеуге кіріскенімен, олар тым кеш қалған

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Елтай ауылында жоғалған үш жастағы екі баланың мәйіті үй маңындағы арықтан табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 17 мамырда түстен кейін болған.

"Шағым түскен сәттен бастап учаскелік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Оған жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар да қатысты. Балалардың денесі үйден 350 метр қашықтағы бақша дақылдарын суаруға арналған арықтан табылды", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі кезде өлімнің себеп-салдарын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Оқи отырыңыз: 25 жастағы әйел бірден тоғыз бала дүниеге әкелді

Жергілікті полиция департаментінің мамандары тұрғындарды су айдындарында сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

64
Кілт сөздер:
ШҚО, балалар өлімі
Тақырып бойынша
Маңғыстау облысында бір жасар бала даладағы дәретханаға құлап кетті
Ақтөбе маңында екі бала суға батып кетті
Павлодарда бес жасар бала терезеден құлап кетті
Бала тамақтан уланса не істеу керек
Ақтауда кәріз құдығына құлап кеткен бала күйіп қалды
Өрт, архивтегі сурет

Павлодарда ірі өрттен екі үй түгі қалмай жанып кетті  видео

15
(Жаңартылды 18:13 17.05.2021)
Өрттен зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Сарапшылар тілсіз жаудың неден шыққанын анықтауға кірісті

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Павлодарда екі үй және үш шаруашылық қора-жай өртеніп кетті. Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дүйсенбі 12.50-де Қостанай 34 көшесінде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Жеке тұрғын үй секторында екі жер үй мен үш шаруашылық қора-жайдың шатыры жанған. Жалын 390 шаршы метр аумаққа шарпыды.

ТЖ орнына бірден тоғыз автомашинамен 39 құтқарушы, бір техникамен апаттар медицинасы орталығының үш қызметкері және екі автокөлікпен төрт полицей аттанды.

Бір сағаттан соң, 14.15-те тілсіз жау ауыздықталды. Өрт әлі толығымен сөнген жоқ.

Өрт сөндірушілер сыйымдылығы 27 литр газ баллонын сыртқа шығарды.  

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі мен шығын анықталып жатыр.

15
Кілт сөздер:
видео, өрт, Павлодар облысы
Тақырып бойынша
Риддердегі өрт: Даниал Ахметов баспана мәселесін күзге дейін шешуге уәде берді
Көкшетаулық полицейлер 17 адамды өрттен құтқарды
Риддердегі өрт толығымен сөндірілді
Өрттен 5 бала қайтыс болғаннан кейін аудан әкімі жұмыстан кетті
Газ терминалы

АҚШ сұйылтылған табиғи газ экспортын арттырды

0
Америкалық сұйылтылған табиғи газ экспорты (СТГ) рекордтық көрсеткішке жетті. Бірақ Вашингтон бұл дүрбелең жақында басылады деп қауіптеніп отыр

Өйткені, "Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылғаннан кейін Еуропаға ресейлік арзан отын жеткізіле бастайды, деп жазды РИА Новости.

Наурызда америкалықтар шетелге күніне 10,5 миллиард текше фут сұйылтылған газ жөнелтіп отырды, деп хабарлады АҚШ энергетика министрлігінің энергетикалық ақпарат басқармасы (ЕІА). Сәуірде бұл көрсеткіш 9,2 болатын. Оның өзі көктем басындағы мінсіз максимум болды.

Баяндамада көрсетілгендей, өткен жылы және осы жылдың қаңтарында АҚШ-тан жеткізілетін СТГ экспортының басым бөлігі Азияға тиесілі болды. Бірақ ақпан мен наурызда ол газдың жартысын Еуропа сатып алып тұрды. Себебі ол жақтағы спотта баға азиялықпен теңесті.

"Мамырда тәулігіне 8,6 миллиард футқа дейін қысқарады деп күтіп отырмыз. Жаз айларында Еуропа мен Азиядағы сұранысты қанағаттандыру аясында бұл көрсеткіш 9 миллиардтан жоғарылайды деген болжам бар", – дейді ведомствода.

Халықаралық энергетика агенттігі 2024 жылға қарай америкалықтар осы сегментте көшбасшы боулы мүмкін екенін жоққа шығармады. ХЭА есебі бойынша АҚШ, Австралия және Ресейдегі табиғи газды сұйылту бойынша бірлескен қуат ол уақытқа дейін СТГ әлем экспортының 90%-ін құрайды.

Алайда Катар сынды ірі экспорттаушы Азия нарығына АҚШ-қа жол бере қоюы екіталай. 2020 жылы таяушығыстық бұл мемлекет 77,6 миллион тонна СТГ экспорттады. Бұл жалпы жеткізулердің 26,5 процентін құрайды. 2024 жылға қарай Парсы шығанағы жағалауындағы кішкентай монархияның газ өндіру көлемі екі есе артады. Ақпанда Дохада Солтүстік кен орнының шығыс бөлігін пайдалану бойынша инвестициялық соңғы шешім қабылданды.

Катардан кейінгі орында 26 проценттік көрсеткішпен Австралия тұр. Үшінші орынға АҚШ (14,7) және төртінші орынға Ресей (10) жайғасты.

Солтүстік мұзды мұхиттағы мұнай және газ ресурстарын жоспарлы түрде игеру он бес жылдан бері ресейлік биліктің әлеуетінде тұр. Наурызда Ресейдің министрлер кабинеті сұйылтылған табиғи газ өндірісін дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын бекітті. Ол пайдлы қазба көздерін әртараптандыруға, ең алдымен Арктика қайраңы мен Қиыр Шығысты пайдалануға бағытталған.

OilPrice америкалық басылымы жазғандай, егер АҚШ тақтатас өндірісі есебінен ірі экспорттаушының біріне айналса, Ресейге Арктика көмектеседі. Аймақтағы пайдалы қазба қоры үлкен: табиғи газ – 35,7 миллиард текше метр, мұнай мен конденсат – 2,3 миллиард тонна.

Ресей энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, 2025 жылға қарай Ресей жылына 68 миллион тонна сұйылтылған табиғи газ өндіріп, әлем нарығындағы үлесін 25 процентке арттыра алады.

OilPrice аналитиктері еуропалықтар үшін ресейлік құбыр желілік газ ғана емес, сондай-ақ сұйылтылған табиғи газ да тартымды екенін атап өтті.

"Ұзақ мерзімді келешекте Ресейдегі СТГ Еуроодақ тұтынушылары үшін оң шешім болады. Себебі АҚШ-қа қарағанда жеткізу жылдамырақ және арзан. Энергетикалық тәуелсіздікті қалайтын Литваның да Ресейден СТГ сатып алуы бекер емес", – деп санайды өнеркәсіптік тәуелсіз сарапшы Леонид Хазанов.

Оның айтуынша, америкалық жеткізушілер үшін Қытай мен Жапония басымдылыққа ие. Себебі бұл мемлекеттерде баға жоғары. Сондықтан ресейлік СТГ мұхиттың арғы жағынан жеткізілетін газды Еуропа нарығынан ысыруы мүмкін.

Қалай болғанда да сын-қатер де жоқ емес. 2025 жылға дейін сұйылтылған табиғи газдың әлем нарығында шамадан тыс көп болуы есебінен бағаның аса жоғары болуын күтудің қажеті жоқ.

0
Кілт сөздер:
мұнай, газ