Өңірлер

"Патамушта, патамушта" тіркесімен танымал Серік Әбденов қызметінен босатылды

© Photo : AltaynewsСерик Абденов, архивное фото
Серик Абденов, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Жазылу
Серік Әбденов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында корпоративтік сала мен HR-ге жетекшілік етті

АЛМАТЫ, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстандықтарға "мистер "Потому что" ретінде танымал Серік Әбденов "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Бұл туралы ұлттық компанияның БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент басшысы Қайсар Жұмабайұлы Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады.

Серік Әбденов Қазақстан темір жолы копаниясында корпоративтік мәселелер мен HR-ге (Human Resource) жетекшілік етті. Енді бұл қызметке Серік Кеулімжаев тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Алик Шпекбаев агенттік төрағасы ретінде несімен есте қалды 

Кеулімжаев еңбек жолын Price Waterhouse консалтингтік компаниясының бас менеджері болып бастаған. Әр жылы коммерциялық құрылымдарды басқарды, мұнай-газ саласында өнімдерді тасымалдау және сатумен, өндіріс және құрылыспен айналысқан.

Серік Әбденов 2012 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың маусымына дейін Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды. Дәл осы кезеңде республикада әйелдердің зейнет жасын 58-ден 63 жасқа дейін көтеру туралы шешім қабылданды.

Серік Әбденов еңбек және әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарып тұрған кезде Теміртауда әйелдермен кездескен. Зейнетке шығу жасын көтеру туралы сұрақтарға ол "патамушта, патамушта" деп жауап берген. Содан бастап оны көпшілік "мистер "Потому что" деп таниды.

Жаңалықтар
0