Өңірлер

Анасы көз жұмды, балалары ауруханада: Шымкентте Өзбекстаннан келген отбасы уланып қалды

© Photo : pixabay/soumen82hazraРука человека
Рука человека  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Жазылу
Қайғылы жағдай қаладағы хостелдердің бірінде болды. Әйелдің қайтыс болар алдында баклажан жегені ғана белгілі. Алайда көкөністен қайтыс болған-болмағаны анықталмады

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Шымкентте әйел мен оның екі баласы уланып қалды. Әзірге олардың неден уланғаны анықталған жоқ, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

1985 жылы туған әйел Шымкентке шамамен 11 және 5 жасар екі баласымен бірге келіп, хостелге тоқтаған. Таңертең өздерін нашар сезінеді. Біраз уақыттан кейін әйел қайтыс болды. Бір баласы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, екінші баласының жағдайы орташа деп бағаланып отыр.

Оқи отырыңыз: Газдан уланған бес адамның өлімі: күдікті ұсталды

Алайда мамандар қайғылы жағдайға не себеп болғанын әзірге анықтамады. Қазірге дейін олар тұрған хостел ішінде талап сақталмай орнатылған су жылытқышы бар екені белгілі. Сондай-ақ әйел қайтыс болар алдында баклажан жеген. Әзірге тергеу осы фактілерді ескеріп жүргізіледі.

Өзбекстан азаматтарының Шымкентке қандай мақсатпен келгені айтылмады.

Жаңалықтар
0