Өңірлер

Цой эпидемиологиялық ахуал біршама тұрақтанғанын айтты

© Photo : СЦКАлексей Цой
Алексей Цой - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Жазылу
Министрдің айтуынша, өткен аптадағы өлім-жітім өсімін оның алдындағы аптамен салыстырғанда көрсеткіш 30%-тен 8%-ке дейін төмендеген

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Эпидемиологиялық жағдай біршама тұрақтанғанымен, он өңір әлі де "қызыл" аймақта тұр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, ауру жұқтырудың күн сайынғы өсімі наурыздың соңындағы 46%-тен өткен апта ішінде 8%-ке дейін төмендеген.

Ал өлім-жітім өсімі өткен аптада оның алдындағы аптамен салыстырғанда 30%-тен 8%-ке дейін азайды.

"Жағдай біршама тұрақтанғаны байқалады. Өңірлер эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, шектеу шараларын қабылдау және өзгеріс енгізуді жалғастырып жатыр", – деді Цой үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қазір "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары орналасқан.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстары.

Оқи отырыңыз: Дәрігер адамның туған күні оның денсаулығына қаншалықты әсер ететінін айтты - видео

"Жасыл" аймақта Түркістан және Солтүстік Қазақстан облысы тұр.

Жаңалықтар
0