блок бекеттер

Блок бекеттер мен түнгі қозғалысқа шектеу: тағы бір облыста карантин күшейтіледі

997
(Жаңартылды 10:41 27.04.2021)
Елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың қозғалысын сағат 00:00-ден сағат 06:00-ге дейін шектеу енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір — Sputnik. Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, облысы орталығы мен бірнеше ауданда блок бекеттер қойылады. Сондай-ақ түнде жүріп-тұруға тыйым салынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"2021 жылдың 1 мамырынан бастап Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шаралары күшейтілсін", - делінген жаңа қаулыда.

Осыған орай, Орал қаласына, сондай-ақ Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Казталов, Теректі мен Шынғырлау аудандарына кіреберісте блок бекеттер орнатылады. Ол арқылы бірнеше санатқа кіретін адамдарды ғана өткізеді. Олар:

  •  халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
  •  медициналық көрсеткіштер бойынша  кіретін және шығатын адамдар;
  •  карантинді стационарларда емделушілер мен бақыланушылар;
  • жүк тасымалдаушылар мен транзиттік жолаушылар;
  • ауысым (вахта) жұмысшыларын тасымалдайтын көлік құралдары;
  • күзгі дала жұмыстарына, табиғатты қорғау, ветеринарлық, ауылшаруашылық жұмыстарына, жолдарды жөндеуге, авариялық-құтқару қызметіне қатысатындар;
  • тұрақты тұрғылықты жеріне оралатын адамдар және облыс тұрғындары;
  • жақын туысқаны (әкесі, анасы, ағасы, апасы, балалары) қайтыс болған тұрғындар;
  • темір жол вокзалына, әуежайға және автовокзалға баратындар және одан қайтатындар (міндетті түрде билетті көрсету керек).

"Осы санатта көрсетілген тұлғаларға "109" телефонына өтінім қалдыру немесе STOPCOVID.KZ сайтына тіркелу қажет. Ерекше жағдайларда осы қаулыда көрсетілген санаттарды қоспағанда адамдардың жекелеген санаттарына аудандар мен қалалардың санитарлық бекеттері арқылы шығуға және кіруге рұқсат ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін", - делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Бұдан бөлек стратегиялық және тіршілікті қамтамасыз ететін жұмыскерлерді қоспағанда елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың қозғалысын сағат 00:00-ден сағат 06:00-ге дейін шектеу енгізіледі. Бірақ шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге және дәрі-дәрмек сатып алуға жеке автокөлікпен шығуға болады. Ал түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар "109" қызметіне өтінім қалдыруға тиіс.

997
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2337)
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1295
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1295
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы
Улицы Шымкента

Шымкентте карантин талабы өзгерді жаңа қаулы шықты

149
Мегаполистегі карантин және шектеу шаралары 16 мамырдан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес мегаполис аумағында коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеу шаралары ұзартылады.

"Шымкент қаласында карантин режимін және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 21 мамырынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын", ​​- делінген құжатта.

Қала тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды

65-тен асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Көшеде және қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтау керек.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

149
Кілт сөздер:
Шымкент, карантин, шектеу
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Дәрігер ПТР-тесті қарап жатыр, архивтегі фото

Қазақстанда вирус жұқтырғандар туралы жаңа ақпарат шықты

0
Науқастар саны жағынан Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2 459 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР-тест оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Індетке шалдыққандар антирейтингінде Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары және Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан – 400,
  • Алматы – 591,
  • Шымкент – 101,
  • Ақмола облысы – 149,
  • Ақтөбе облысы - 89,
  • Алматы облысы – 209,
  • Атырау облысы – 75,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 93,
  • Жамбыл облысы  – 33,
  • Батыс Қазақстан облысы – 114,
  • Қарағанды облысы – 359,
  • Қостанай облысы  – 30,
  • Қызылорда облысы – 44,
  • Маңғыстау облысы – 65,
  • Павлодар облысы – 72,
  • Солтүстік Қазақстан облысы  – 14,
  • Түркістан облысы – 72.

Жалпы пандемия басталғалы республикада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 358 104 адамға жетті.

0
Кілт сөздер:
Қазақстан, статистика, коронавирус, індет
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2337)
Тақырып бойынша
Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды – видео  
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев жағымды жаңалығын бөлісті
Бұрынғы ұлттық экономика министрі вакциналау паспортынан қате тапты
Пандемияның екінші жылы адам өлімі әлдеқайда көп болуы мүмкін - ДДСҰ 
"Ақша мен сыйлық беруге болмайды": Қырғызстанда жиын-тойларға шектеу енгізіледі