Ахивтегі фото

Теміртау тұрғыны әп-сәтте 6 миллион теңгесінен айырылды

633
(Жаңартылды 17:17 27.04.2021)
47 жастағы жәбірленуші өртенген контейнерде алты миллион теңгенің мүлкі болғанын мәлімдеді. От қойған адам ұсталды  

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір — Sputnik. Қарағанды облысының  Теміртау қаласында контейнер өртеніп, алты миллион теңгенің мүлкі жанып кетті, деп хабарлады Polisia.kz.

24 сәуірде Теміртау қаласының ПБ-на контейнер өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Онда құрылыс және химиялық материалдар болған.

47 жастағы жәбірленуші контейнерде алты миллион теңгенің мүлкі болғандығын мәлімдеді.

Оқиға болған жерде бейнебақылау камерасы арқылы анықтау жұмыстары жүргізілді. Бейнежазбада белгісіз біреу контейнердің жанына орнатылған қоқыс жәшігін өртегені анықталды. Жалынның ұшқындары құрғақ шөпті тұтатып, көп ұзамай от контейнерге жеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлері 28 жастағы ер адамды ұстады, ол кінәсін мойындады.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 204-бабы (Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

633
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1104
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1104
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы
Улицы Шымкента

Шымкентте карантин талабы өзгерді жаңа қаулы шықты

125
Мегаполистегі карантин және шектеу шаралары 16 мамырдан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес мегаполис аумағында коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеу шаралары ұзартылады.

"Шымкент қаласында карантин режимін және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 21 мамырынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын", ​​- делінген құжатта.

Қала тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды

65-тен асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Көшеде және қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтау керек.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

125
Кілт сөздер:
Шымкент, карантин, шектеу
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин