Өңірлер

Талдықорғанда автобус жүргізушілері көшеге шықты – видео

© Sputnik / Владислав ВодневГородской автобус
Городской автобус - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
Автопарк қызметкерлері төрт айдан бері жалақы алмаған  

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Талдықорғандағы екі автопарк жұмысшылардың ереуілге шығуына байланысты жұмысын тоқтатты, деп ақпарат таратты "Хабар 24". 11 бағдар бойынша қызмет көрсететін 70 автобус бұл күні жолға шықпаған. Қала тұрғындары такси қызметіне жүгінуге мәжбүр болды.

Жүргізушілердің айтуынша, олар төрт айдан бері еңбекақы алмаған. Сәйкесінше бухгалтерия зейнетақы және сақтандыру аударымдарын жасамаған. Соның салдарынан жұмысшылар медициналық қызмет ала алмай жүр.

"Бухгалтердің айтуынша біздің жалақымыз сағатына 258 теңгеден есептеледі. Ай сайынғы еңбекақы көлемі – 30 960 теңге. Осы ақшаның өзін ала алмай отырмыз", - деп налыды автобус жүргізушілерінің бірі Нұрдәулет Түндебаев.

Автопарк басшылығы жалақы төлей алмауына оқушылар мен студенттер тасымалы үшін субсидия берілмеуі себеп екенін жеткізді. Өйткені қазір пандемияға байланысты қашықтықтан оқу режимі енгізілген.

Автопаркте мәлімдегендей, бірнеше ай бойы жалақының берілмеуі 1990-жылдардан бері болған емес.

Еске салсақ, осы жылы Шымкент, Қостанай, Семей және Ақтөбедегі қоғамдық көлік жүргізушілері де ереуілге шыққан болатын.

Жаңалықтар
0