Өңірлер

Шымкент "қызыл" аймаққа қайта оралды

© AP Photo / Andy WongМужчина и ребенок в масках на велосипеде
Мужчина и ребенок в масках на велосипеде - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
Қазіргі уақытта "қызыл" аймақта сегіз облыс пен үш мегаполис бар

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір - Sputnik. Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды, деп хабарлады деп коронавирус таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Шымкент қайтадан коронавирустың "қызыл" аймағына енді. Мегаполис қауіпті деңгейдегі аймақтан 26 сәуір күні шыққан болатын.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, көрсеткіш мынадай:

  • "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары.
  • "Сары" аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары орналасқан.
  • "Жасыл" аймаққа Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары кірді.

Оқи отырыңыз: Министр Цой отандық вакцина ағзасына қалай әсер еткенін айтты

Естеріңізге салсақ, Қазақстанда өткен тәулікте 22 адам коронавирустан, төрт адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

Жаңалықтар
0