Қызылордада 6 жасар бала жоғалып кетті

Серуенге шыққан: Қызылордада 6 жасар бала із-түзсіз жоғалып кетті

4381
(Жаңартылды 13:06 28.04.2021)
Полиция Сырдария өзенінің жағалауын, көпқабатты үйлердің шатырын, саяжай мен жертөлелерді тексеріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қызылордада алты жасар Бақыт Әлтайыр есімді бала жоғалып кетті. Ол кеше таңертең серуенге шығып, оралмаған.

Полиция қала тұрғындарынан жоғалған баланы іздеуге көмектесуді сұрады.

"27 сәуір сағат 19:35-те 2015 жылы туған Бақыт Әлтайыр Мақсатұлының жоғалғаны туралы арыз түсті. Отбасы Қызылорда жанындағы Титов ауылында тұрады", - деді Қызылорда облысы полиция департаменті.

Ата-анасының айтуынша, баласы кеше таңғы сағат он шамасында үйден сыртқа шығып, оралмаған. Бастапқыда өздері іздеген. Нәтиже болмаған соң бала үйден шығып кеткеннен кейін 9 сағат өткен соң полицияға хабарлаған.

 В Кызылорде пропал шестилетний мальчик
© Photo : ДП Кызылординской области
6 жасар Бақыт Әлтайыр кеше таңертен серуенге шығып, оралмаған

"Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы полиция департаменті, қалалық полиция басқармасы, төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Оларға еріктілер мен жергілікті тұрғындар қосылды. Тұрғындар іздеу жұмыстарының басталғаны туралы әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабар алды. Баланың суреті барлық полиция бөліміне жіберілді", - деп хабарлады облыстың полиция департаменті.

В Кызылорде пропал шестилетний мальчик
© Photo : ДП Кызылординской области
Қызылордада алты жасар бала жоғалып кетті

Полиция қызметкерлері көпқабатты үйлердің шатырын, жертөле мен саяжай аумағында қараусыз қалған үйлерді, салынып бітпеген ғимараттар мен Сырдария өзенінің жағалауын тексеріп жатыр.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыз табылды

Сонымен қатар тұрғындардан, таныс пен көршілерден баланың қайда болуы мүмкін екені сұрастырылып жатыр.

4381
Кілт сөздер:
Қызылорда, жоғалып кеткен бала, бала
Тақырып бойынша
Петропавлда 22 жастағы қыз тоғыз күннен бері табылмай жатыр
Ақ "Аудиге" мінген: Жамбыл облысында 23 жастағы келіншек жоғалып кетті
Жамбыл облысында жоғалған келіншекті іздеуге келген құтқарушының өзі суға кетті
Түркістан облысында жоғалып кеткен оқушы қыз көшеден табылды
Сұлулық салонында маска киген әйел

Оралда шашын салонда боятқан әйел жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

6
Әйел оған бояу жақпастан бұрын сынама жасалмағанын, өзін жаман сезінгенде қызметкерлер жедел жәрдем шақырмағанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр — Sputnik. Оралда әйел сұлулық салонында шашын боятқаннан кейін жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлер анафилаксиялық шок болғанын айтады, деп хабарлайды Мой город порталы.

38 жастағы Зүлфия Длимбетова 10 мамыр күні Zama салонына модель ретінде шаш боятуға барады. Бояуды маманның бақылауымен стажер жасап, клиент тек пайдаланылған материал үшін ақы төлеуі керек болған. Әйел дәл осы салонға бірінші рет келгенін айтты.

"Мен қаланың әр түрлі салондарында шашымды боятатынмын, алайда ол жерлерде талапқа сәйкес сынама жүргізетін. Zаmа салонында Супру оксидантын араластырды да, екі стажер шашымды бояды. Қасымызда отырған маман бақылап отырды. Осы арада тағы бір клиент келіп, ол шаш қиюға кетіп қалды. Сондай-ақ ол жерде басқа бір клиенттің шашын қиып жатқан салон иесі де бар еді", - дейді жәбірленуші.

Зүлфия оксидантты қолданғаннан кейін 20 минуттан соң оның алақаны мен беті қатты қыши бастағанын, кейін бүкіл денесінде қышу пайда болғанын жеткізді. Осы арада ол стажерден бояуды жуып тастап, маманды шақыруды өтінеді.

Алайда Оксана есімді шебердің "Бәрінде болады, 20 минут күтсін, кейін жуып тастаймыз", - дегенін еске алады Зүлфия.   

15 минуттан кейін әйелге ауа жетпей, тұншығып, құлап түскен. Осы кезде стажер жедел жәрдем шақыруға талпынғанмен салондағылар тыйым салды.

Салонның иесі Хадиша есімді әйел өзінің дәрігеріне хабарласып кеңес алады.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы шаштаразда болған атышулы оқиға: полиция түсініктеме берді

"Дәрігермен сөйлескеннен кейін олар маған валерьянка беруге тырысты, бірақ менің тіпті су жұтуға әлім болмады, ісініп кеттім. Тырнақтарыма дейін көгеріп кетті", - дейді зардап шеккен әйел.

Кейін жедел жәрдем келіп, әйелді ауруханаға алып кеткен. Квинке ісігі мен анафилаксиялық шок диагнозы қойылды. Зүлфия бір тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатқанын, дәрігерлердің көмегімен аман қалғанын алға тартты.  

Оның айтуынша, осы уақыт аралығында оған салоннан ешкім қоңырау шалмаған, кешірім де сұрамаған.

Осы оқиғадан кейін ағасы салон иесінен жарты миллион көлемінде шығын өтеуін сұраған. Салон иесі саудаласып, маусымға дейін 300 мың теңге ғана беретінін айтқан.

"Маған бұл ақша керек емес, заңға сәйкес әрекет етемін. Егер мен өліп кетсем, 500 мың теңге менің кәмелетке толмаған үш баламды құтқара алмас еді", - деп баса айтты Зүлфия.

Әйелдің айтуынша, салондағылар бұл оқиғаны жарияламауды өтінген. Салон иесі тіпті оны және ағасын алаяқтар деп айыптап, олардың ақша бопсалаумен айналысатынын айтқан.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі әйелдің анафилаксиялық шок диагнозымен қалалық көпсалалы ауруханаға түскенін растады.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатынын атап өтті.

6
Кілт сөздер:
Орал, шаш бояуы, шаштараз, сұлулық
мылтық

Әйелін атып, немересін жаралады: Солтүстік Қазақстандағы трагедияның мән-жайы

52
(Жаңартылды 10:45 13.05.2021)
Ауыл тұрғындары бұрын-соңды жанжал шығармаған ер адамның қолына қару алып, қылмыс жасауына не себеп болғанын түсінбей отыр

АЛМАТЫ, 13 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауылының тұрғыны әйелін атып, 14 жасар немересін жаралады. Қыз қазір жансақтау бөлімінде жатыр, ол жасанды тыныс алдыу аппаратына қосылған.

Көршілері бұрын-соңды ер адамның ерсі әрекетін байқамаған. Оны ешкіммен жанжалдаспай жүретін кісі ретінде сипаттап отыр. Ол фотограф болып жұмыс істеген, деп хабарлады Astana телеарнасы. Ал қолына қару алып, туыстарына оқ атқан күні мас болған.

"Фотограф болып жұмыс істейтін, көпшіл кісі болатын. Осыдан төрт жыл бұрын барып фотоға түскенмін. Мұндайға барады деп мүлде ойламаппын. Есеңгіреп қалдық", - дейді ауыл тұрғыны Елена Хомякова.

Көршілердің сөзінше, әйел сол қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын күйеуімен жанжалдасып, қызының үйінде қонған. Ер адам келіншегін үйге алып кеткісі келгенде екеуінің арасында тағы да жанжал шығып, ол әйелін атып тастаған. Қызы үйінен қашып шығып, көмек сұрауға кеткен. Ал немересі жарақат алды.

Ауылдастары ерлі-зайыпты туралы жақсы пікірде. Әйел қызымен бірге жергілікті дәмханада аспаз болып жұмыс істеген.

Оқ атқан ер адам аңшы болған, соған байланысты үйінде мылтық сақтаған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ер адам жанжалқой болмаған, есепте тұрмаған және заңды бұзу деректері тіркелмеген.

Тимирязев ауданы полиция бөлімінің бастығы Талғат Кенжетаев отбасыдағы қайғылы оқиға кезінде 58 жастағы ер адамның мас болғанын растады.

Оқи отырыңыз: Кәсіпкерді отбасымен қырып салды: БҚО-дағы қылмыстың мән-жайы белгілі болды

Дәрігерлер қазір қыздың өмірін құтқарып қалу үшін күш салып жатыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр, жасанды тыныс алдыу аппартына қосылған.

Ер адамға қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды: "адам өлтіру" және "адам өлтіруге ұмтылу". Әрқайсысы үшін 16 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостаныдығынан айыру жазасы қарастырылған.

52
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы