Қоғам

Назарбаев жұртты таңғалдырып жатқан қаланы аралап көруге кеңес берді

© Photo : Түркістан облысының әкімдігіТүркістанда "Керуен-Сарай" туристік кешені ашылды
Түркістанда Керуен-Сарай туристік кешені ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
Түркістан ресми түрде түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланды, деп атап өтті Қазақстанның тұңғыш президенті

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа дәуірі басталған Түркістан қаласын аралап көруге кеңес берді.

© Photo : Түркістан облысының әкімдігіТүркістанда "Керуен-Сарай" туристік кешені ашылды
Назарбаев жұртты таңғалдырып жатқан қаланы аралап көруге кеңес берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Түркістанда "Керуен-Сарай" туристік кешені ашылды

"Түркістан облысын құру туралы шешім қабылданғанына екі жылдан астам уақыт өтті. Егер Түркістанда болмасаңыз, қазіргі қаланың қалай өзгергенін көруге келіңіз. Еліміздің астанасынан кейін бой көтерген жаңа қала болды. Бұл - еліміздің зор мүмкіндіктерінің тағы бір дәлелі", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында.

Оның айтуынша, жаңарған Түркістанды көргендердің барлығы таңғалып жатыр.

"Бұл – мәдениет орталығы, республикамыздың орталығы. Еліміздің оңтүстігіндегі тағы бір гүлденген қала. Жақында менің бастамаммен өткен түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі саммитінің қорытындысы бойынша Түркістан ресми түрде түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланды", - деп түйіндеді Назарбаев.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі атап өткендей,  Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы" атты XXIX сессиясы өтті. Оған онлайн форматта 550-ден астам адам қатысты.

Оқи отырыңыз: Назарбаев өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды

Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді. Елбасы ҚХА төрағалығын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды.

Сессия соңында Тоқаев Назарбаевқа ҚХА-ның құрметті төрағасы болуды ұсынды.

Жаңалықтар
0