Шымкент

Қазақстанның екі өңірі коронавирустың "қызыл" аймағынан шықты

2442
(Жаңартылды 12:22 30.04.2021)
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Шымкент пен Ақтөбе облысы "сары" аймаққа қайта оралды

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды.

30 сәуірдегі жағдай бойынша Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысы "қызыл" аймақтан "сарыға" өтті.

  • "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.
  • "Сары" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе,Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары орналасқан.
  • "Жасыл" аймаққа Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары кірді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 30-дан астам адам қайтыс болды

Айта кетейік, өткен тәулікте 2 853 адамнан COVID-19  анықталды, 33 науқас коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды.

2442
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2336)
Тақырып бойынша
Бас санитар дәрігер қазақстандықтарға үндеу жасады
Нұр-Сұлтанда инфекция жұқтыру көрсеткіші төмендеді - бас санитар дәрігер
Посткеңестік елдер пандемия жағдайында Жеңіс күнін қалай атап өтеді - видео
Нұр-Сұлтанда 700-ден астам "қауіпті адам" анықталды 
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1203
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1203
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы
Улицы Шымкента

Шымкентте карантин талабы өзгерді жаңа қаулы шықты

136
Мегаполистегі карантин және шектеу шаралары 16 мамырдан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес мегаполис аумағында коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеу шаралары ұзартылады.

"Шымкент қаласында карантин режимін және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 21 мамырынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын", ​​- делінген құжатта.

Қала тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды

65-тен асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Көшеде және қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтау керек.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

136
Кілт сөздер:
Шымкент, карантин, шектеу
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин