Өңірлер

Дыбыс зорайтқышпен ән салған: арыстық жедел жәрдем жүргізушісі жұмыстан қуылды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневКарета скорой помощи на дороге столицы
Карета скорой помощи на дороге столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2021
Жазылу
Айналма жолды айнала жүріп, жедел жәрдем көлігінің дауыс зорайтқышымен ән шырқаған жүргізушінің видеосы әлеуметтік желілерде тарады

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Түркістанда түнгі сағат екіде дауыс зорайтқышпен ән айтқан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды жергілікт ОтырарТВ

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ДП Туркестанской области (@turkistan_polisia)

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ән салып жүрген видеосы кең тарады.

"Жедел жәрдем көлігі Арыс орталық аудандық ауруханасына тиесілі болып шықты. Оқиға болған сәтте көлік ішінде науқас болмаған – жедел жәрдем шақырудан қайтып келе жатқан", – делінген ақпаратта. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Казахстана (@42500_tenge)

Айта кетейік, төртінші санатқа жататын бригадада жұмыс істейтін жүргізуші видео арқылы кешірім сұрағанымен, аурухана басшылығы аталған фактіні негізге ала отырып, оны жұмыстан босатуға шешім қабылдаған.

Жаңалықтар
0