Өңірлер

"Қызыл" және "сары" аймақтарда карантиндік шектеулер жеңілдетілді

CC0 / StockSnap / Салат
Салат - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2021
Жазылу
Асхана типті қоғамдық тамақтану орындары "қызыл" аймақта 24.00-ге дейін, "сары" және "жасыл" аймақтарда тәулік бойы жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу критерийлерін қайта қарады. Бұл туралы ведомство басшысы Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Министрлік әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу критерийлерін қайта қарады. Атап айтқанда, олар жұмыс уақытына, ашық ауада қызметін жүзеге асыратын нысандарға, спорт сайыстарын өткізуге, балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметіне қатысты", - деді министр үкімет отырысында.

Айтуынша, "қызыл" аймақта супермаркеттер мен гипермаркеттердің жұмыс уақытына шектеулер алынды және жексенбіде даладағы базарлардың қызметіне рұқсат етілді.

"Қызыл" және "сары" аймақтарда діни нысандар ашық ауада жұмыс істей береді. Алайда жабық ғимаратта ұжымдық шаралар өткізуге тыйым салынған.

"Жасыл" аймақта мейрамхана, дәмхана, кофехана типті қоғамдық тамақтану орындарына (ғимарат ішінде) 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ ғимараттың толымдылығы 50%-тен, 50 орыннан аспауы керек.

"Жасыл" аймақта компьютерлік клубтар мен боулингтердің қызметіне рұқсат етілді.

"Сары" аймақта көрермендермен спорт шараларын өткізуге рұқсат берілді.

"Жасыл" аймақта облысаралық, қалааралық тұрақты емес (туристік) тасымалдарда жолаушылар саны 15-тен 25 адамға дейін ұлғайтылды.

Оқи отырыңыз: Цой енді кімдер екі аптаға карантинге жіберілетінін айтты 

Сонымен қатар критерийлерге жаңа нысандар енгізіліп, олардың жұмыс тәртібі айқындалды:

Жазғы алаңдар – "қызыл" аймақта: 9.00-ден 20.00-ге дейін; "сары" аймақта 7.00-ден 24.00-ге дейін; ал "жасыл" аймақта 7.00-ден 2.00-ге дейін ашық болады.

Асхана типті қоғамдық тамақтану орындары "қызыл" аймақта 24.00-ге дейін, "сары" және "жасыл" аймақтарда тәулік бойы істейді.

Стрит-фуд, даладағы аттракциондардың жұмысына да шектеу қойылмайды.

Жаңалықтар
0