Архимед Мұхамбетов

Архимед Мұхамбетов бірден 6 әкімді қызметінен босатты

1803
(Жаңартылды 10:12 05.05.2021)
Өңірде төрт аудан әкімі, Арқалық пен Лисаков қалаларының әкімшілік басшылары ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр — Sputnik. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бірқатар тағайындау жасады.

"Қала мен аудан мәслихаттарының депутаттарымен келісе отырып, өз өкімімен келесі кадрлық өзгерістер енгіздiм. Арқалық қаласының әкімі болып Асанов Әмірхан Біркенұлы, Лисаков қаласының әкімі Ыбраев Абай Сәрсембайұлы тағайындалды. Одан әрі Амангелді ауданының әкімі Карбозов Талғат Тойшыбекұлы, Жітіқара ауданының әкімі Утегенов Нұржан Қайыржанұлы, Қарабалық ауданының әкімі Халықов Руслан Болатұлы, Науырзым ауданының әкімі Әбішев Қайрат Тынымбайұлы болып тағайындалды", - деп хабарлады әкім өзінің Instagram парақшасында.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Arhımed Mýhambetov (@arkhimed_mukhambetov)

Ол жаңа әкімдердің алдына өңірлерді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде бірқатар міндет қойды.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

1803
Кілт сөздер:
тағайындау, әкімдер
Тақырып бойынша
Қызылордаға жаңа әкім тағайындалды
Ауыл әкімінің сайлауына кімдер түсе алады - мәжілісте заң жобасы таныстырылды
Ауыл әкімі қандай жағдайда қызметінен босатылуы мүмкін
Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктегі ауыс-түйіс туралы айтты
Балалар, архивтегі фото

Ақтөбе маңында екі бала суға батып кетті

685
Қаза болған балалар 5 және 6 жаста болған

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында ересектердің қарауынсыз жүрген екі бала суға батып кетті. Бұл туралы жергілікті "Мой Город" басылымы хабарлады.

Қайғылы жағдай 12 мамыр түнде болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабар түнгі 22:29-да түскен. 5 және 6 жастағы екі бала Ақтөбе маңындағы Бекқұл баба ауылындағы Жаман Қарғалы өзеніне батып кеткен.

Оқи отырыңыз: Семей тұрғыны Ертіс өзеніне құлап кетті

Оқиға орнына құтқарушылар келгенше ауыл тұрғындары бес жастағы баланың денесін судан шығарып алған. Түнгі он екі шамасында құтқарушылар жағадан үш метр, тереңдігі 7 метр жерден екінші баланың денесін алып шықты, ол 6 жаста болған.

Екеуінің ересектердің қарауынсыз жүргені, суға киімсіз түскені анықталды. Соған байланысты төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды.

685
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, суға батты, су, балалар
Тақырып бойынша
Атырау полициясы суға батып жатқан жасөспірімдер қалай құтқарылғанын көрсетті – видео
Нұр-Сұлтанда 21 жастағы қыз бассейнге батып кетті
Жамбыл облысында жоғалған келіншекті іздеуге келген құтқарушының өзі суға кетті
Балаларды құтқармақ болған: Есіл ауданында селфидің соңы қайғылы аяқталды
Шолпанның көз жасы: алты баласы бар 29 жастағы келіншек халықтан көмек сұрады
Сұлулық салонында маска киген әйел

Оралда шашын салонда боятқан әйел жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

92
(Жаңартылды 11:03 13.05.2021)
Әйел оған бояу жақпастан бұрын сынама жасалмағанын, өзін жаман сезінгенде қызметкерлер жедел жәрдем шақырмағанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Оралда әйел сұлулық салонында шашын боятқаннан кейін жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлер анафилаксиялық шок болғанын айтады, деп хабарлайды Мой город порталы.

38 жастағы Зүлфия Длимбетова 10 мамыр күні Zama салонына модель ретінде шаш боятуға барады. Бояуды маманның бақылауымен стажер жасап, клиент тек пайдаланылған материал үшін ақы төлеуі керек болған. Әйел дәл осы салонға бірінші рет келгенін айтты.

"Мен қаланың әр түрлі салондарында шашымды боятатынмын, алайда ол жерлерде талапқа сәйкес сынама жүргізетін. Zаmа салонында Супру оксидантын араластырды да, екі стажер шашымды бояды. Қасымызда отырған маман бақылап отырды. Осы арада тағы бір клиент келіп, ол шаш қиюға кетіп қалды. Сондай-ақ ол жерде басқа бір клиенттің шашын қиып жатқан салон иесі де бар еді", - дейді жәбірленуші.

Зүлфия оксидантты қолданғаннан кейін 20 минуттан соң оның алақаны мен беті қатты қыши бастағанын, кейін бүкіл денесінде қышу пайда болғанын жеткізді. Осы арада ол стажерден бояуды жуып тастап, маманды шақыруды өтінеді.

Алайда Оксана есімді шебердің "Бәрінде болады, 20 минут күтсін, кейін жуып тастаймыз", - дегенін еске алады Зүлфия.   

15 минуттан кейін әйелге ауа жетпей, тұншығып, құлап түскен. Осы кезде стажер жедел жәрдем шақыруға талпынғанмен салондағылар тыйым салды.

Салонның иесі Хадиша есімді әйел өзінің дәрігеріне хабарласып кеңес алады.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы шаштаразда болған атышулы оқиға: полиция түсініктеме берді

"Дәрігермен сөйлескеннен кейін олар маған валерьянка беруге тырысты, бірақ менің тіпті су жұтуға әлім болмады, ісініп кеттім. Тырнақтарыма дейін көгеріп кетті", - дейді зардап шеккен әйел.

Кейін жедел жәрдем келіп, әйелді ауруханаға алып кеткен. Квинке ісігі мен анафилаксиялық шок диагнозы қойылды. Зүлфия бір тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатқанын, дәрігерлердің көмегімен аман қалғанын алға тартты.  

Оның айтуынша, осы уақыт аралығында оған салоннан ешкім қоңырау шалмаған, кешірім де сұрамаған.

Осы оқиғадан кейін ағасы салон иесінен жарты миллион көлемінде шығын өтеуін сұраған. Салон иесі саудаласып, маусымға дейін 300 мың теңге ғана беретінін айтқан.

"Маған бұл ақша керек емес, заңға сәйкес әрекет етемін. Егер мен өліп кетсем, 500 мың теңге менің кәмелетке толмаған үш баламды құтқара алмас еді", - деп баса айтты Зүлфия.

Әйелдің айтуынша, салондағылар бұл оқиғаны жарияламауды өтінген. Салон иесі тіпті оны және ағасын алаяқтар деп айыптап, олардың ақша бопсалаумен айналысатынын айтқан.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі әйелдің анафилаксиялық шок диагнозымен қалалық көпсалалы ауруханаға түскенін растады.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатынын атап өтті.

92
Кілт сөздер:
Орал, шаш бояуы, шаштараз, сұлулық
Жүктілік, архивтегі фото

Еңбек министрлігі декреттік жәрдемақыны рәсімдеуге қатысты жаңа мәлімет таратты

0
Декретке шығуды жоспарлап отырған әйелдер енді халыққа қызмет көрсету орталығында кезекте тұрып құжат өткізбесе де болады. Олар үшін жұмыс берушілер әлеуметтік төлемді рәсімдей алады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстандықтар жүкітілік және босануға байланысты әлеуметтік төлемді проактивті түрде рәсімдей алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, енді жұмыс берушілер қажетті мәліметті электрондық еңбек биржасының порталы арқылы беруге тиіс.

Осылайша жүктілігіне байланысты демалысқа шығатын әйелдер халыққа қызмет көрсету орталығында құжат тапсырмайды.

"Осы жылдың мамырынан бастап электрондық еңбек биржасында Қазақстанның жұмыс берушілері үшін жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік демалыстарды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркеу мүмкіндігі берілді. Осының арқасында демалысқа шыққан қызметкерлерге тиісті әлеуметтік төлемді тағайындауды өтініш берушінің қатысуынсыз проактивті форматта жүзеге асыруға болады", - делінген ақпаратта.

Ол үшін жұмыс беруші жұмыскердің демалысқа шығу фактісін электрондық еңбек биржа порталындағы жеке кабинетте тіркеуі қажет.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау қызметі қашан цифрландырылады

Деректер еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жіберіледі, одан сұрау салу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына" беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушыға SMS-хабарлама арқылы проактивті форматта әлеуметтік төлем тағайындауға келісімін алу бойынша сұрау түседі. Оған үш күн ішінде жауап беру қажет.

0
Кілт сөздер:
Қазақстан, жәрдемақы, босану, жүктілік, декреттік демалыс
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден төленеді
Биыл Чернобыль ардагерлеріне 540 миллион теңге жәрдемақы төленеді
Солтүстік Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алғандардың басы дауға қалды
Балаға төленетін жәрдемақы көтеріле ме – үкімет жауап берді