Өңірлер

Қос азаматтық үшін 28 адам жауапқа тартылды: арасында басшылар да бар

© Sputnik / Владислав ВодневПаспорт гражданина Казахстана
Паспорт гражданина Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2021
Жазылу
Жауапқа тартылған адамдардың көбісі Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын пайдаланған

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері қос азаматтық үшін 28 азамат жауапкершілікке тартылды.

Көбінесе жауапқа тартылған адамдар Қазақстан азаматының құжаттарын пайдаланған. Сол арқылы азаматтық туралы заңнаманы бұзған, деп хабарлады Altaynews.kz.

Сонымен қатар, Алтай өлкесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алып, Семей қаласында квазимемлекеттік секторда басшылық қызметте жұмыс істеп жүрген тұлға да бар.

Оқи отырыңыз: Қос азаматтығы бар қызметкерлерді жұмыстан шығару керек – сенатор 

Бұл шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды, 100-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынып, ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабына әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейді.  

"Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы қос азаматтықты анықтау жұмысын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Жыл басынан бері қос азаматтық үшін 28 азамат, оның ішінде шетелдік азаматтықты алу фактілері туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін 8 азамат, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды пайдаланғаны үшін 20 азамат жауапкершілікке тартылды", - деді ШҚО полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Жаңалықтар
0