Орыс тілі оқулығы, архивтегі фото

Сарыағашта сөйлемді ежіктеп оқитын мұғалім сабақ беріп келген

2448
(Жаңартылды 11:54 05.05.2021)
Аудандық білім бөліміндегілер мектептегі педагогтарға қатысты барлық жауапкершілік директорға жүктелгенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде орыс тілі пәнін өзі ежелеп оқитын мұғалім балаларға сабақ беріп келген.

Ынтымақ ауылындағы Садриддин Айни атындағы №1 мектепте жұмыс істейтін мұғалім тестілеу барысында шекті балға әрең қол жеткізген, деп хабарлады Otyrar.kz.

Оқи отырыңыз: Енді мұғалім болып жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз – Аймағамбетов 

Сөйлемді әрең оқитын адамның балаларға қалай сабақ беріп жүргенін анықтау үшін журналистер мектепке барды. Бірақ жұмыс уақтысында директор орнында болмай шықты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының айтуынша, ол отбасындағы жағдаймен байланысты шығып кетіпті. Ал сөйлемді ежелеп оқитын орыс тілі пәнінің мұғалімі 1 наурызға дейін балаларды оқытып келген, бүгінде декреттік демалыста.   

"Мұғалім директордың қызы ма?",- деген сауалға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары "Иә",-деп жауап қатты.

Аудандық білім бөліміндегілер мектептегі педагогтарға қатысты барлық жауапкершілік директорға жүктелгенін айтты. Мұғалімді жұмысқа алу не алмау жөнінде шешімді директордың өзі ғана қабылдайды екен.

"Егер де мектепте бос жұмыс орны болса, ол жөнінде хабарлама порталда жариялануға тиіс. Тек осыдан кейін ниет білдіргендер арыз жазып, тестілеуден өтуіне болады. Ал сынақтан өтпесе, келесі жолы келіп тапсыруға мүмкіндік бар. Сынақтан өткен талап берушімен сұхбат жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша арнайы комиссия мүшелері мұғалімді жұмысқа алу, не алмау жөнінде шешім қабылдайды, - деп түсіндірді Сарыағаш аудандық адам әлеуетін дамыту бөлімінің бас маманы Закир Тұрсынбаев.

Бұл комиссияның төрағасы – мектеп директоры, ал комиссия мүшелерінің қатарында қоғам белсенділері, ата-аналар комитетінің өкілдері және БАҚ мамандары бар.

Белгілі болғаны, сынақты біліктілігі күмән тудырған мұғалім әрең дегенде тапсырып, шекті 50 балды жинаған екен. Бірақ бұл тұста ол балды қалай жинағанына қатысты да сауал жеткілікті. Жауаптылар "мұғалімнің орыс тілі және әдебиет пәні мамандығы бойынша жоғары білімі бар" деп сендірді. Ал тиісті құжатты жұмыс күнінің соңына дейін көрсетеміз деді.

Ең қызығы, мұғалімнің сабағына аудандық білім бөлімінің мамандары қатысып, деңгейін тексерген. Мұғалімнің біліктілігін тексергендер мен бұл оқиғаға қатысты мектептегі жауаптылар туралы мәлімет Түркістан облыстық адам әлеуетін дамыту басқармасына жолданды.

2448
Тақырып бойынша
Сабақ 19 маусымға дейін болады: Аймағамбетов жазғы мектеп қалай жұмыс істейтінін айтты
ҰБТ-2021: Болашақ мұғалімдерге талап күшейтілді
Мұғалімдерге жаңа мемлекеттік награда табысталды - видео
Нұр-Сұлтан мен Алматыда қанша адам вакцинадан бас тартты
Ауыл мұғалімдеріне жалақы жаңаша төленеді
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1112
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1112
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы
Улицы Шымкента

Шымкентте карантин талабы өзгерді жаңа қаулы шықты

127
Мегаполистегі карантин және шектеу шаралары 16 мамырдан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес мегаполис аумағында коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеу шаралары ұзартылады.

"Шымкент қаласында карантин режимін және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 21 мамырынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын", ​​- делінген құжатта.

Қала тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды

65-тен асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Көшеде және қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтау керек.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

127
Кілт сөздер:
Шымкент, карантин, шектеу
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин